Шағын астероид Жерден рекордтық жақын қашықтықта ұшып өтті

Шағын астероид Жерден рекордтық жақын қашықтықта ұшып өтті
Фото: rg.ru

13 қарашада кіші өлшемді астероид Жерден рекордтық жақын қашықтықта, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасынан да төмен ұшып өтті.

Қашықтық небәрі 373 шақырым болған. Ал халықаралық ғарыш станциясы қозғалатын орбиталық биіктік – 410 шақырым.

"2020 VT4" атты астероид 14 қарашада Гавайдағы ATLAS жүйелік телескоптарының көмегімен тіркелген.

Астероидтың алғашқы суреттері Жерге жақындағаннан кейін, яғни 15 сағаттан соң алынған. Астроид планетадан ең аз қашықтықта 13 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен 23:20-да ұшқан. Бұл кезде аспан денесі Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен өтіп, Жерден +3 жұлдыз өлшеміндегі кішкентай нүкте сияқты көрінген.

Жерден минимал қашықтықта ұшатын аспан денелерінің алдыңғы рекорды 2020 жылы тамызда болған. Сол кезде диаметрі 3-6 метр болатын "2020 QG" астероиды планетадан 3000 шақырым алыстан ұшып өткен еді. Мамандар мұндай астероидтар Жерге бағытталғанымен де ешқандай қауіп болмайтынын айтады. Өйткені көлемі кішкентай аспан денелері Жерге түсіп үлгермей, атмосферада жанып кетеді.

Астрономдар "2020 VT4-тің" Жерге жақындауы оның орбитаға әсер еткенін айтады. Бұл астероид келесі жолы 2052 жылы қарашада Жерден 3 миллион шақырым алыс ұшып өтеді.

Т. Раушанұлы