- Негізгі бет
- Әлемтану
- Уханьдағы әйелдің хикаясы:...
Уханьдағы әйелдің хикаясы: "Бізге ешкім көмектеспейді"
Вэньцзюнь Ван 33 жаста. Ол – үй бикесі. Отбасымен бірге Уханьда тұрады. Ван мен оның туыстары 23 қаңтардан бері Уханьннан шыға алмай отыр. Себебі, Қытай үкіметі қаладан шығуға немесе қалаға кіруге тыйым салған. Осы уақытқа дейін коронавируспен ауырғандар саны 25 мыңға жақындаған. Олардың 490-нан астамы қаза тапқан.
Қалада не болып жатқаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. ВВС Вэньцзюнь Ванмен байланысты. Ол қала туралы және оның отбасы эпидемия кезінде қандай қиындықтарға тап болғаны туралы айтып берді:
AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар
“Коронавирус эпидемиясы басталған уақытта ағам қайтыс болды, әкемнің жағдайы ауыр. Анам мен әпкемнің ағзасынан да осы симптомдардың белгілері анықталған.
Томографиядан кейін олардың жағдайы онша ауыр емес екені белгілі болды. Інім де жөтеле бастады. Тыныс алуға қиналады. Ал әкемнің қызуы түспей жатыр. Кеше дене қызуы 39,3-ке шықты. Ол да жөтеліп, тыныс ала алмайды. Біз оған кислород құрылғысын сатып алдық. Күні бойы осы құрылғы арқылы демалады.
Әкем Батыстан әкелінген дәрілерді де отандық дәрілерді де ішіп жатыр. Оны аурухана қабылдамады. Себебі тесттер үшін қажетті құрылғылар жетіспеушілігінен ресми диагноз қойылмаған.
Анам мен әпкем өздері ауырып жүрсе де, күнде үміттеніп әкеме орын табыла ма деп ауруханалардың есігін қағады. Бірақ барлық дәрігерлер қабылдамай қайтарып жібереді.
Бізге ешкім көмектеспейді
Уханьда вирус жұқтырғандарға немесе инкубация кезеңіндегілерге карантин жария етілген. Карантин нысандарында негізгі жағдай жасалған, ал әкем сияқтыларға орын жоқ.
Ағам сондай нысандардың бірінде қайтыс болды, ол жерде жағдайы ауырларға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік жоқ. Мен әкемді ауруханаға қабылдайды деп үміттенемін. Бірақ қазір бізбен ешкім байланысқан жоқ, ешкім көмектеспей жатыр.
Мен бірнеше рет әлеуметтік көмек көрсететін орындарға хабарластым, олардың барлығы әкеме көмек көрсетудің мүмкіндігі жоқ екендігін айтады.
Пандемия мен эпидемияның айырмашылығы қандай?
Әкем мен ағамды карантин нысанына алып кеткен кезде біз ол жерде емделеді деп ойладық. Кейін ондай нысандардың қарапайым ғана бөлек тұратын орын екенін білдік.
Ол жерде дәрігер тіпті медбикелерде болмады. Бөлмелелер суық. Әкем мен ағам түсте барды. Тек кешке ғана суық тамақ берді. Ағамның жағдайы ауыр еді, көп өтпей жиі есін жоғалта бастады.
Дәрігерлер оған назар да салмаған. Әкем мен ағамды екі бөлек бөлмеге орналастырды. Таңғы 06:30-да ағамнан хабар алайын деп барсам, қайтыс болыпты.
Карантинде өлгеннен үйде өлген артық
Қазір жаңа емханалар құрылып жатыр. Бірақ бұл орындар емхана қабылдағандар мен емханаға сыймай қалғандар үшін. Біз сияқтылар үшін емес.
Егер үкіметтің айтқанына құлақ асатын болсақ, онда біз карантин нысандарына баруымыз керек. Бірақ карантинге барсақ әкем мен ағамның басынан өткен жағдай бізде де қайталанады.
Карантинде өлгеннен гөрі үйде өлген артық.
Вирус жұқтырғандар өте көп
Біз сияқты отбасы өте көп, олардың барлығы біз тап келген проблемалармен күресіп жатыр. Менің құрбымның әкесін де карантин нысандарына қабылдамады, себебі оның қызуы өте жоғары болған. Қалада азық-түлік жетіспейді, көптеген адамдар ауырып жатыр. Тым қорқынышты, біз ертең не болатынын білмейміз.
Егер үкіметтің 23 қаңтарда қаланы қоршап алатынын білсем, бүкіл отбасымды осы жерден алып кетер едім, өйткені мұнда ешқандай көмек жоқ.
Егер біз басқа жерде болсақ, кем дегенде үмітіміз болатын еді. Биліктің нұсқауымен қалада қалуы дұрыс болды деп айта алмаймын.
Менің ағамның қайтыс болуы – бұл сұрақтың жауабы".
Коронавирус туралы соңғы жаңалықтар
6 ақпандағы жағдай бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2019 жылы жаңа коронавирус ауруының басқа елдерде тіркелмегенін айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 28 018-ге жеткенін айтты (соңғы күнде 3702-ге өскен).
Соңғы күнде вирустан 73 адам қайтыс болды, ал жалпы өлім саны – 565. Қазіргі уақытта коронавирус Қытайдан басқа 23 елде анықталды. Басқа елдерде вирус жұқтырғандардың саны – 201 адам (Жапонияда 45, Сингапурда 28, Таиландта 25, Оңтүстік Кореяда 23 және Австралияда 14). Олардың ішінде Филиппин мен Малайзияда екі адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте 300-ге жуық адам вирустан айыққан. Вирус басталғаннан бері емделгендердің жалпы саны Қытайда 1153, әлем бойынша 1208-ге жетті.
Қытайдан басқа елдер короновирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?
Бірақ аурудың шынайы ауқымы кеңірек болуы мүмкін. Гонконг ғалымдарының пікірінше, Қытайда вирус жұқтырғандар саны ресми мәліметтерге қарағанда он есе көп.
Коронавирусқа қарсы инфекция әлі табылған жоқ. Синьхуаның хабарлауынша, 6 ақпанда Қытайда вирусқа қарсы "Ремдесивир" атты препаратқа клиникалық зерттеу басталды. Тәжірибеге коронавирустың жаңа түрімен ауыратын 761 адам қатысады.
Айта кетейік, Уханьнан елімізге 83 адам эвуакацияланды. Олар қазір арнайы емханаларда.
"Уханьнан чартерлік рейспен жеткізілгеннен кейін карантинге 83 қазақстандық жатқызылды. Оның ішінде 80 студент бар. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді ауруханаға орналастырылды. Аурухана жаңа, жоғары қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Әрбір қабаттағы палаталардың дербес желдету жүйесі бар. Бұл өте жақсы жүйе, "таза үй-жай" деп аталады. Ол ауаның араласуына жол бермейді. Ауа палатадан дәлізге және кері бағытта шықпайды", - деді Нұрқан Сәдуақасов.
Т. Раушанұлы