Қытайдан басқа елдер короновирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?

Қытайдан басқа елдер короновирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?
Фото: kp.ru

Ухань қаласында Қытайда тарала бастаған коронавирустан 170 адам қайтыс болды, жұқтырғандар саны 7 711-ге жетті, ал әлем бойынша 7894 адам жұқтырған. Қазақстанда 38 адам санитарлық бақылау жағдайында медициналық мекемелерде жатыр.

Вирус Қытайдың барлық аймақтарына таралды, тіпті Тибетте де аталған вирус анықталды. Инфекция Қытайдан басқа 16 елде тіркелген.

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

Италиядағы круиз лайнері

Круиз лайнері

Бейсенбіде “Коста-Смеральда” кемесін Италия үкіметі коронавирус қаупіне байланысты Римге жақын аумақтағы Чивитавеккия портына тоқтатқан. Кемедегі барлық жолаушыларға жағалауға шығуға тыйым салынды.

Круиз лайнердегі қытайлық ерлі-зайыптының ыстығы көтеріліп, тыныс алу  жолдарында проблема туындаған, сондықтан оларда коронавирустың бар-жоғын білу үшін тергеу жүргізілуде. Тыйым қытайлық жолаушыларға диагноз қойылғанға дейін күшінде қалады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қытайлық ерлі-зайыпты Италияға 25 қаңтарда келіп, саяхаттау үшін сол күні "Коста Смеральда" бортына шыққан. Круиз лайнері бұған дейін Марсель, Барселона және Мальоркада болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустың тез таралуына байланысты төтенше комиссияның арнайы отырысын шақырды. Жиналыс Ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде өтеді.

Коронавирустың басты белгілері қандай?

ДДҰ директоры Тедрос Аданом Гебрейсус бұл вирус ҚХР елінде болмаған азаматтарға да жұғып жатқанына алаңдаулы. “Қытайдан тыс жерде адамнан адамға инфекцияның таралуы өте аз болса да, жаһандық өршу қаупі бар”, - деді ол.

Қытайдағы соңғы жаңалықтар

• Хубейдің орталық провинциясында адамдар карантин кезінде үйде отырып жұмыс істеп жатыр.

• Қытай футбол қауымдастығы 2020 маусымы басталуы кейінге шегерілгенін хабарлады.

• Көптеген халықаралық авиакомпаниялар Қытайға рейстерді қысқартты немесе мүлдем тоқтатты, ал Google, Starbucks және Tesla сияқты компаниялар осы елдегі дүкендерін жапты және жұмысын тоқтатты.

• Қытайда індет басталғаннан бері вирусты жұқтырғандардың саны 2002-2003 жылдары атипті пневмония кезінде жұқтырғандардың санынан асып кетті.

Басқа елдер не істеп жатыр?

Бірнеше мемлекет Уханьнан кеткісі келген өз азаматтарын алып  кетіп жатыр.

  • Жапония Уханьнан өз азаматтарын алып кеткен. Уханьнан Токиоға ұшып келген жолаушыларды тексеру үшін ауруханаға жеткізген. Жапон басылымдарының хабарлауынша, үш жолаушыдан вирус анықталған.

  • 200-ге жуық америкалық Ухань қаласынан АҚШ-қа ұшқан.

  • Қытай үкіметі өз азаматтарын қаладан алып кетпекші болған Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея ұшақтарына рұқсат бермеген.

  • Ұлыбритания үкіметі Уханьнан эвуакацияланатын азаматтары екі апта карантинде болатынын хабарлаған.

  • Аустралия болса карантинді аймақ ретінде шекарасынан 2 мың шақырым алыстағы Рождество аралын таңдаған.

  • Қазақстан да Уханьдағы студенттерді елге қайтару шараларын іске асырып жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қытайдағы студенттерді Қазақстанға жеткізу кезінде қауіпсіздік шараларына баса назар аударылатынын айтты.

“Егер студенттерді (Қытайдағы) алып келетін болсақ, олар карантин шараларымен қамтылады. Дайындап қойған ауруханамыз бар, 14 күн бойы тиісті шаралар атқарылады. Яғни тексеру жүргіземіз, зертханаларда қан сынамалары зерделенеді. Бұл адамдардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ деген қорытынды берілгеннен соң, олар ауруханадан шығарылады”, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Коронавирус деген не?

Вирус Уханьдағы теңіз өнімдері сатылатын базарда таралған. 11 миллион халқы бар қала инфекцияның ошағына айналды, вирус жұқтырғандардың көпшілігі осы қалада қайтыс болды.

Вирус адамнан адамға жұғады, жұқтырғандардың көпшілігі өткен айда Ухань қаласына барған немесе ауырған адамдармен тығыз байланыста болғандар.

Коронавирус қайдан пайда болды?

Әзірге вакцина жоқ, иммундық жүйесі жақсы адамдар аурудан айыға алады.

Қазіргі уақытта адамдарды вирустан қорғайтын вакцина жасау бойынша зерттеулер жүргізілуде. 

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа вакцина ойлап тапты, бірақ оны сынақтан өткізу үшін көп уақыт қажет екенін айтады. Бұл туралы Гонконг университетінің микробиологы хабарлады.

 "Біз вакцинаны жасап шығардық, бірақ оны жануарларға сынап көру үшін уақыт керек", - дейді  профессор Юэн Квок-Юнг.

 Ғалымдар коронавирусқа қарсы жаңа вакцина ойлап тапты

Алайда, коронавирус жедел респираторлық инфекцияны тудырып науқас адам қайтыс болып кетуі мүмкін. Қартайған және басқа да ауруларға байланысты иммунитет әлсіреген науқастар көбінесе осы вирустан қайтыс болады.

Вирустан қалай сақтану керек?! 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты жұқтырмау үшін төмендегідей кеңес айтқан: 

• қолыңызды сабынмен немесе спиртпен жиі жуыңыз;
• жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз;
• тұмау белгілер бар адамдардан аулақ болыңыз, қызуыңыз көтеріліп, жөтелсеңіз жедел жәрдем шақырыңыз;
• ет базарына барғанда жануарлар мен басқа да заттарды ұстаудан сақтаныңыз;
• тағамды әсіресе етті асықпай пісіріңіз;

Т. Раушанұлы