Пандемия мен эпидемияның айырмашылығы қандай?

Пандемия мен эпидемияның айырмашылығы қандай?

Күні кеше Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV жұқпалы ауруының таралуына байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. Желтоқсан айынан бері коронавирустан 361 адам көз жұмған. Өлім санының артуынан адамдар эпидемия мен пандемияны шатастырып айтып жүр.

Эпидемия дегеніміз не? 

Қала, аймақ не мемлекетке тән. Бұл кезде жұқпалы ауру жұққан адамдардың саны болжанған көрсеткіштен артып кетеді. Егер ауру өзге мемлекеттерге ойысса, бұл пандемияға айналады.

Пандемия

Пандемия - гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақша мағынасы "барлық адамға тиесілі" дегенді білдіреді. Пандемия — аурудың жаһандық ауқымда таралуы. Көбіне бұған адамнан адамға оңай жұғатын вирус түрі не жаңа штамм себеп болады. Вирустың жаңа штамы мутациялауға ұшырағанда ол оңай пандемияға ұласуы мүмкін. Маусымдық аурулар не эпидемия бұған дейін болған вирустардың түрінен шықса, пандемияда жаңа вирустар пайда болады. Оған қоса пандемия кезінде өлім саны да, пайыздық көрсеткіші де әлдеқайда жоғары. 

Әдетте пандемия өткен соң адам ағзасына оған тосқауыл болатын иммунитет пайда болады. Одан кейін бірнеше жыл бойы халық арасында эпидемия болуы мүмкін.

Адамзат тарихындағы зұлмат пандемия мен эпидемиялар:

Юстиниан обасы: б.з.д. 540 — 541 жылдар;

Қара шешек: 1346-1350 жылдар;

Тырысқақ: 1899-1923 жылдар;

Испан тұмауы (H1N1): 1918-1920 жылдар;

Тұмау (H2N2): 1957-1958 жылдар;

Гонконг тұмауы: 1968-1969 жылдар;

Құс тұмауы (H1N1): 2009 жыл.

Жоғары аталған пандемия мен эпидемиялардың ішінде Испан тұмауы 100 миллион адам өмірін жалмады. 2 жылға созылған пандемия 2009 жылы испан тұмауы қайта байқалды. Бұл жолы оның жеңіл түрі ғана тарады. ХХ ғасыр басында "испан тұмауы" атауымен белгілі штамм H1N1 бүгінде атауы "шошқа тұмауы" деп өзгертілді.

Бүгінгі таңда кейбір бактериялардың антибиотикке төзімді болып, жануардан адамға жұғатын вирустардың көбеюі басты проблема болып тұр. Соңғы уақытта жануардан жұғатын вирустар саны артып келеді. Оған мысал, Қытайдағы ауыр әрі өткір респираторлық синдром (SARS), Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS), эбола және қазір өршіп тұрған 2019-nCoV штамы.

Адамзат өркениеті дамыған тұста пандемия бұрынғымен салыстарғанда едәуір жылдам тарап, көп адамның өмірін жалмауы мүмкін. Өйткені әлем халықтарының бір-бірімен байланысы артып, бір қаладан не мемлеккеттен екінші елге жету тез бола түскен. Ауру ошағында үрейленген адамдар тез арада басқа жерге кетуге тырысып, вирустың жылдам таралуына себеп болады.  

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті
АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті