Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлемде қанша тіл бар?

Әлемде қанша тіл бар?

Әлемде қанша тіл бар?

Жер ғаламшарындағы халық саны – 7 736 003 700 (19.09.2019). Адам санының артуы соңғы ширек ғасырда керемет қарқын алған. Ал адамның негізгі байланыстырушы құралы – тіл, керісінше кеміп келеді. Жер жүзінде неше тіл қалды? Ұсақ тілдердің ұмытылу үдерісі жалғаса берсе, ғасыр соңында қанша тіл қалмақ?

Байырғы халықтар мәселесіне арналған тұрақты форумның 15-ші сессиясында, әр 2 апта сайын әлемде 1 тіл ұмытылатыны мәлімделген. Форум барысында оқылған баяндамалардың бірінде, қазір әлемде 6 700 тіл бар екені айтылды. Оның 96 пайызын әлем тұрғындарының 3 пайызы ғана қолданады. Жойылу қаупі төнген тілдердің дені байырғы халықтарға тиесілі.

Сарапшылардың пікірінше, байырғы халықтардың жойылуы және олардың мәдениеті құрып бара жатқаны отарлау салдарынан болды. Сонымен қатар, мәселені жаһандану мен басым түскен мәдениет пен тілдер ушықтыра түскен.

Ғалымдар 2100 жылға дейін әлемде 3500-дей тіл қолданыстан шығады деп отыр. Оған себеп, әлемде өз тілінде сөйлеуші халықтың өзі құрып, жойылып жатқаны.

Тілдердің жойылып кетуіне дәлел ретінде Австралиядағы жағдайды алып көрейік. ХХ ғасырдың бас кезінде бұл құрлықта 400-ден астам тіл болған. Бірақ, қазір тек қана 25-тей тіл сақталған. Ал, Африкада 1400 тілдің 600-ге жуығы жоғалып кету қаупінде тұр. Солтүстік Шығыс Азияда орыс тілінің ықпал етуінен 47 тілдің ішінде тек 6 тіл ғана сақталған. Ал Тайваньда қытай тілінің көп қолданылуынан 23 тіл құрып кеткен.

Камерун елінде 1995 жылы 5 қараша күні касаба тілі өлді деп жарияланды. Өйткені сол жердегі Момбила ауданында тұратын Богон есімді азамат қарашаның 4-і күні дүние салған. Ал ол адам сол касаба тілінде сөйлеуші соңғы адам болған.

Жоғалып бара жатқан тілдер қатарына кет тілі кіреді. Ол тілде бар жоғы 200-дей ғана адам сөйлейді. Кет тілі Сібір жазығында сақталған ауылдарда ғана қолданылады.

Ауған еліндегі тирахи тілінде сөйлейтін 70-ақ адам қалған.

Дүниежүзінде 100 миллионнан астам қолданушысы бар 8 тіл тірі және олар керемет қарқынмен дамып жатыр. Олар: қытай, испан, ағылшын, бенгал, хинди, португал, орыс және жапон тілдері.

0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: aduanaenmexico.wordpress.com
Қосылған күні: 19 қыркүйек, 09:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.