Ең көп таралған 10 тіл

Ең көп таралған 10 тіл

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамды жақындатын да тіл, алыстататын да – тіл. Адам қанша тіл білсе, сонша елдің мәдениетін таниды. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деп халық даналығы  бекер айтпаса керек. Осыған сәйкес бүгіндері әлем тілдері арасында көш бастап тұрған 10 тілді сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз.

10. Француз тілі

Дүниежүзінде 129 млн адам француз тілінде сөйлейді. Оны кей адамдар романтикалық тіл деп те атайды. Бұл тілде Франция, Бельгия, Канада, Руанду, Камерун және Гаити мемлекеттерінің азаматтары тілдеседі. Тіл астанасы – Париж. «Сәлеметсіз бе?» француз тілінде – Bonjour.

9. Малай тілі

Дүниежүзінде 159 млн адам осы тілде сөйлейді. Малай тілінде Малайзия және Индонезия елдерінің азаматтары сөйлеседі. Бұл тілде тілдесетін халықтардың арасында біршама диалект сөздер қалыптасқан. Сол себепті, көп жағдайда олар бірін-бірі түсінбей жатады. Оның ішінде ең танымалы – индонезиялық диалект. Олардың ата түпбі бір болып есептеледі. 13000 аралды қамтыған Индонезия жер көлемі жөнінен әлем бойынша  14-ші орынға ие.  Малайзия астанасы – Куала-Лумпур. «Сәлеметсіз бе?» малай тілінде - Selamat pagi.

8. Португал тілі

Дүниежүзінде 191 млн адам португал тілінде сөйлейді. Португалия бір кездері Испания елінің өктемдігінде болған. Испания мемлекеті Португалия халқының әл-ауқатын көтеріп, білімге жетелеген болатын. Соның арқасында португалдық оқымысты ғалымдар әлемде жоғары мәртебиеге ие болып, әр түрлі зеттеу жұмысымен айналысқан. Зертеулерінің басым көпшілігін Оңтүстік Америка құрлығында жүргізген. Қазіргі кезде португал тілі Бразилияның ресми тілі. Одан бөлек португал тілінде Макау, Ангола, Венесуэла және Мозамбик сияқты елдердің азаматтары сөйлейді. Астанасы – Лиссабон. «Сәлеметсіз бе?» португал тілінде - Bom dia.

7. Бенгал тілі

Дүниежүзінде 211 млн адам бенгал тілінде сөйлейді. Жалпы Бангладеш халқының барлығы бенгал тілінде тілдеседі. Үндістан мен Бангладеш елдерінің шекарасы бір-бірімен түйісіп тұрғандықтан, бұл тілде сөйлейтіндердің қатары әлдеқайда жоғары деп тұжырымдалады. Астанасы – Дакка. «Сәлеметсіз бе?»  бенгал тілінде – Ei Je.

6. Араб тілі

Дүниежүзінде 246 млн адам араб тілінде сөйлейді. Араб тілі әлемдегі ең көне тілдердің бірі болып есептеледі. Бұл тілде Таяу Шығыс, Сауд Арабия, Кувейт, Ирак, Сирия, Иордания, Ливия және Мысыр елдерінде тілдеседі. Және де қасиетті «Құран кәрім» кітабы араб тілінде жазылғандықтан, аталған мемлекеттерден бөлек басқа да мұсылман халықтары араб тілін жақсы біледі. 1974 жылы БҰҰ араб тілін әлем тілдері қатарына қосқан. «Сәлеметсіз бе?»  арабша – Al salaam a`alaykum.

5. Орыс тілі

Дүниежүзінде  277 млн адам орыс тілінде сөйлейді. Орыс тілі халықаралық тілге жатады. Бұл тілде көбіне ҚСРО мемлекеттері, яғни қазіргі ТМД халықтары тілдеседі. Ал жалпы Ресей Федерациясында 146 млн адам орыс тілінде араласады. Астанасы – Мәскеу. «Сәлеметсіз бе?» орыс тілінде – Привет.

ап

4. Испан тілі

Дүниежүзінде  392  млн адам испан тілінде сөйлейді. Испан тілі Испания, Оңтүстік және Орталық Америка, Куба, Мексика елдері үшін ана тілі рөлін атқарады. Испания астанасы – Мадрид. «Сәлеметсіз бе?» испан тілінде – Holа.

ва

3. Хинди

Дүниежүзінде 497  млн адам хинди тілінде сөйлейді. Хинди – Үндістан мемлекетінің ресми тілі. Елде хинди мен ағылшын тілдері қатар жүреді. Әйткенмен, ағылшын тілі әлемдік тіл болғандықтан, осы тілде сөйлеушілердің саны басым. Үндістан астанасы – Нью-Дели. «Сәлеметсіз бе?» хинди тілінде – Namaste.

2. Ағылшын тілі

Дүниежүзінде 508  млн адам ағылшын тілінде сөйлейді. Одан бөлек жылына 400 млн адам ағылшын тілін үйренеді. Қазіргі уақытта ағылшын тілінде АҚШ, Австралия, Англия, Канада, Зимбабва, Оңтүстік Африка т.б. елдерде сөйлеседі. Тіл астанасы – Лондон. «Сәлеметсіз бе?» ағылшын тілінде - Hello.

1. Қытай тілі

Бүкіл дүниежүзінің 7/1 бөлігі қытай тілінде  сөйлейді. Қытай тілін меңгеру өте қиын. Астанасы – Пекин. «Сәлеметсіз бе?» қытай тілінде - Ni hao

ва

Оқи отырыңыз: 

Ғаламның ғажайып 10 ғимараты

Александрия шамшырағы туралы біле жүрелік

Оқушылардың биік өкшелі аяқ киім кигені дұрыс па?

Неге Еуропа мен Америка елдерінің hi-tech кәсіпорындары тап Қытай елінде орналасқан?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.bec-dnepr.com,www.artleo.com

Н. Нұрмаханұлы