Тіл туралы қызықты деректер

Тіл туралы қызықты деректер
  • Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан.
  • Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, олардың биологиялық сәйкестіктері  расталған.
  • Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді. Баск тілі оқшауланған тілдер қатарына кіреді. Ол тілде тек баск жұрты ғана сөйлейді.
  • Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады.
  • Дағыстан елінің таулы аймағына өмір сүретін Арчи жұртының әр етістігі 1,5 миллион рет жіктелетін тілде сөйлейді.
  • Испания құрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады.
  • Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың  2400-і жойылып кетеді. Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен.
  • Бостван халқы 5 негізгі сыртылдақ дыбыстан тұратын тілмен тілдеседі.
  • Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады.
  • Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға болады.
  • Лингвистика профессоры Марк Окранд  «Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.

  • Фриз тілі – 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады.
  • Бугенвил аралын мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 әріптен тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі.
  • Ең ұзақ әліпби 72 әріптен құралған. Ол – кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым көпшілігі пайдаланады.

  • Криптофазия – бір-біріне өте жақын адамдар сөйлейтін тіл. (Мысалы: егіздер)
  • Барлық ұлтта өзіне тән тіл екпіндері  (акцент) болады, соған сәйкес мылқау адамдардың да өздерінің тілдік екпіндері бар.  

  • Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді.
  • Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет-журналды еркін оқи алу үшін кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек.
  • Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis.

Оқи отырыңыз: 

Обама жайлы 30 дерек

Техно жайлы қызықты деректер

Географиядағы қызықты деректер

Қасқырлар туралы қызықты деректер

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.clipart.net.ua

Н. Нұрмаханұлы