Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Бүгін – Дүниежүзілік аралар күні

Бүгін – Дүниежүзілік аралар күні

Бүгін – Дүниежүзілік аралар күні

Бүгін – Дүниежүзілік аралар күні. БҰҰ халықаралық күндер жүйесінде аталып өтіледі. Аралар популяциясының қысқару мәселесі және осы жәндіктерді қорғаудың маңыздылығына назар аудару үшін бекітілген. Себебі қазір экожүйенің бұзылуы, жаһандық жылыну, технологияның қарыштап дамуы аралар өміріне кері әсерін тигізіп жатыр. БҰҰ Ассемблеясы 20 мамыр күні туған танымал словениялық ара өсіруші Антон Яншаның құрметіне осы күнді таңдаған. 


Аралар туралы... 

Бір келі балға айналатын гүл шырынын жинау үшін бал арасы 300 мың шақырым ұшып, сол кезде 19 миллион гүлге қонуы керек екен.  Әрине, мұндай жұмысты бір бал арасы бүкіл ғұмыр бойы атқара алмайды. Жұмысшы ара небәрі 30-35 күн ғана өмір сүреді. Бал арасы өте еңбекқор жәндік. Бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7 мың гүлге қонады. 

Олардың жұмыс істеу режимі өте қатал: біреулері тамақ тауып ұяға әкеледі, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді, бесіншілері "күзетшілік" қызмет атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді, алтыншылары дернәсілдерді тамақтандырады. Осының барлығын жұмысшы аралар атқарады.  Тек қана аналық аралар ешқандай жұмыс істемейді және өзіне әрқашан да күтім жасауды талап етеді. Ұяда жалғыз сол ғана кейін жас аралар өсіп шығатын жұмыртқалар салады. 


Жер бетінен аралар жойылса не болады?


Бүкіл жер бетіндегі азық-түлік жойылады 

Аралардың күнделікті адам пайдаланатын азық-түлікке тікелей әсер ететінін білесіз бе? Жер бетіндегі өсімдіктер мен азық-түліктің 90 пайызын жеуге пайдаланады. Ал сол пайдалы өнімің 70 пайызын жарамды етіп, ағзаға жетуге жол ашып беретін аралар. Банан, алма, алмұрт сынды жемістер осы қатарға кіреді.  Егер аралар жойылып кететін болса, аталған азық-түліктің пайдалы түрі күрт азайып, аштық орнайды.  

Әлемдік нарыққа әсер етеді  

Күлкілі болуы да мүмкін, себебі аралардың биржаға, қаржыға қандай қатысы бар деген сұрақ туады. Бұл барлық елде бірдей болмаса да, Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне, Африка құрлығына зор әсер етеді. Себебі аралар жойылып кетсе аталған жердегі мемлекеттер сыртқы нарықтан айырылып, экономикалық тұрғыда құлдырайды. Себебі оларды асырап отырған жеміс-жидек соның ішінде банан өнімдері. Ал бананның дәл сол тәтті және сапалы қалпында өсіп-өнуіне араның үлесі бар.  

Адамзаттың өсуі тоқтайды  

Аралардан бөлінетін түрлі дәрумендер жеміс-жидек пен азық-түлік арқылы адам ағзасына түседі. Адам сол дәрумендер арқылы ұрпақ жалғастырып, ауруға төтеп бере алады. Ал аралар жойылып кетсе адамзаттың өсуі тоқтап, өлім көбейеді. Тіпті алдын алмаған жағдайда жер шарында ара болмаса, адамның да өмір сүруі мүмкін емес. 


Ғалымдар аралар өміріне зиян келтіретін 5G-ді қолдануға қарсы 

Ғалымдар 5G технологияларын кеңінен қолдануға қарсы. Олардың пікірінше, мұндай байланыс түрі адамзат үшін де, қоршаған орта үшін де өте зиян. 

Жыл басында ғалымдар, дәрігерлер, қоршаған ортаны сақтау ұйымдары бірігіп 5gspaceappeal.org сайтында петиция жариялады. Ол жерде аталған сымсыз байланыс құралын қолдануды тоқтату себептері айтылған. Петиция БҰҰ-на, Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымына, Еуроодаққа жолданған.  Олардың айтуынша, радиация адамдарға апат алып келеді. 5G адамзат пен қоршаған орта үшін тәжірибе, бұл халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келмейді. Сонымен бірге, Жер шарындағы экожүйеге де әсерін тигізеді. Мысалы, 4G-ді жаппай қолдану бал араларының, құстар мен көбелектер популяциясының азаюына алып келген.

0
Рейтинг: +2

Фото: 5gspaceappeal.org
Қосылған күні: 20 мамыр, 11:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.