Бал арасы жойылса, өмір сүре алмаймыз

Бал арасы жойылса, өмір сүре алмаймыз
Фото: xoroshiy.ru

Ара – қанатты, ұшуға икемі бар, қорегі гүл шырыны, ерекшелігі бал жинайтын жәндік. Оның балы жер бетіндегі ең ұзақ сақталатын өнім. Кем дегенде үш мың жылға жуық сақталады. Тек сақталып қана қоймайды мыңдаған ауруға ем, ең жаман деген дертті де емейді. Бірақ араның да түрлері бар. Анық бал жинайтын аралар болады. Тек қоректенетін аралар да болады. Бізге керегі бал арасы. 

Бал араларын сақтау керек, қорғау керек. Олар жер бетінен жойылып барады. Ал олар жер бетінен жойылып кетсе не болатынын білесіз бе? 

Бүкіл жер бетіндегі азық-түлік жойылады 

Аралардың күнделікті адам пайдаланатын азық-түлікке тікелей әсер ететінін білесіз бе? Жер бетіндегі өсімдіктер мен азық-түліктің 90 пайызын жеуге пайдаланады. Ал сол пайдалы өнімің 70 пайызын жарамды етіп, ағзаға жетуге жол ашып беретін аралар. Банан, алма, алмұрт сынды жемістер осы қатарға кіреді. 
Егер аралар жойылып кететін болса, аталған азық-түліктің пайдалы түрі күрт азайып, аштық орнайды. 

Киімсіз қалмайын десеңіз, араларды қорғаңыз 

Мақта – жер бетіндегі киім өнідірісіне ең қажетті және ең құнды материал. Оны бүкіл әлемдік тігін өндірістерінің басшылары мойындайды. Мақта өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын артып отыр. Ең қарапайым жейде мен джинси шалбарлар да осы мақтадан алынады. Ал аралар осы мақтаның өсуіне және оның жетілуіне әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда аралар жойылып кетсе, киімсіз қалуыңыз мүмкін. 

Биоотын өндірісі тоқтайды 

Биоотын қазіргі кезде кеңінен қолданылып келе жатқан, газ түріндегі өндіріс түрі. Оның арамен қандай байланысы бар? Тікелей байланысты. Себебі биоотын бөлетін түрлі құрамдағы элементтер араның тозаңдануынан келеді. Сондықтан араның тіршілікке пайдасы зор. 

Әлемдік нарыққа әсер етеді 

Күлкілі болуы да мүмкін, себебі аралардың биржаға, қаржыға қандай қатысы бар деген сұрақ туады. Бұл барлық елде бірдей болмаса да, Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне, Африка құрлығына зор әсер етеді. Себебі аралар жойылып кетсе аталған жердегі мемлекеттер сыртқы нарықтан айырылып, экономикалық тұрғыда құлдырайды. Себебі оларды асырап отырған жеміс-жидек соның ішінде банан өнімдері. Ал бананның дәл сол тәтті және сапалы қалпында өсіп-өнуіне араның үлесі бар. 

Адамзаттың өсуі тоқтайды 

Аралардан бөлінетін түрлі дәуремендер жеміс-жидек пен азық-түлік арқылы адам ағзасына түседі. Адам сол дәрумендер арқылы ұрпақ жалғастырып, ауруға төтеп бере алады. Ал аралар жойылып кетсе адамзаттың өсуі тоқтап, өлім көбейеді. Тіпті алдын алмаған жағдайда жер шарында ара болмаса адамның да өмір сүруі мүмкін емес. 

М. Ақан