Ақ шаштың ерте пайда болуы денсаулыққа қатысты қандай проблеманы көрсетуі мүмкін?

Ақ шаштың ерте пайда болуы денсаулыққа қатысты қандай проблеманы көрсетуі мүмкін?
Фото: ru.freepik.com

Көпшілік ақ шаштың ерте пайда болуын тек тұқымқуалаушылықпен байланыстырады. Алайда оған әсер ететін факторлар көп. Жас кезде ақ шаштың пайда болуы денсаулыққа қатысты қандай проблеманың себебі болуы мүмкін екенін қарастырайық.

Теміртапшылықты анемия

Дене бойымен оттек тасымалдайтын қызыл денедегі гемоглобин мен ақуызды бөлу үшін біздің ағзамызға темір керек. Егер ол жетіспесе, теміртапшылықты анемия пайда болады. Оның негізгі белгілеріне шаршай беру, терінің бозаруы, тырнақ сынғыштығы жатады. Анемияның дамуын шашқа қатысты проблемалар да көрсетуі мүмкін. Мысалы, оның көп түсуі және ерте ағаруы. Сондықтан егер ерте ақ шаш пайда болса, дәрігерге қаралып, анализдер тапсырып көріңіз.

Ағзаға мыстың жетіспеуі

Ақ шаштың ерте пайда болуы кей микроэлементтердің, соның ішінде мыстың жетіспеуінен болуы мүмкін. Ол біздің ағзамызға шаштың табиғи түсін анықтайтын жауап беретін пигмент – меланиннің түзілуі үшін қажет. Ағзада мыс жетіспеуін мына белгілерден түсінуге болады:

- жиі тұмаурату;
- сүйектердің әлсіздігі;
- көрудің нашарлауы;
- есте сақтау мен зейін қоюдың нашарлауы.

B12 дәруменінің жетіспеуі

Бұл дәруменннің негізгі ерекшелігі – оның қантүзілім процесіне және эритроциттердің түзілуіне қатысуы. B12 дәрумені ақыл-ой қызметін қалыпта ұстауға және инфаркт пен инсульт пайда болу қаупін азайтуға керек. Бұл дәруменді жануар тағамдарынан алуға болады: қызыл балық, жұмыртқа, сүтті өнімдер, сиыр еті.

Бұл дәруменнің жетіспеушілігін шаштың ерте ағаруы және терінің сарғаюы, демікпе, тері ауруларының пайда болуы білдіруі мүмкін.

Қалқанша без ауруы

Ақ шаштың ерте пайда болуын қалқанша без аурулары ынталандыруы мүмкін. Сондықтан егер өзіңізден ақ шаштың пайда болғанын байқасаңыз, эндокринологқа көріну артық етпейді. Емді уақытында бастау арқылы шаштың ерте ағаруын тоқтатуға болады.

D дәруменінің жетіспеуі

Ағзасына D дәрумені жетіспейтін адамдар көптеген жағымсыз белгілерге шалдығады. Мысалы: бұлшықет әлсіздігі, созылмалы аурулар, ұйқының бұзылуы, терінің құрғауы және шаштың ерте ағаруы. D дәруменінің көп бөлігін біздің ағза күн сәулесінің әсерінен өзі бөледі. Сондықтан онымен көбіне күн дұрыс түспейтін жерлерде тұратын тұрғындар қиналады. Ақ шаштың ерте пайда болуын және басқа да проблемалардың алдын алу үшін рационға нақты өнімдер қосу керек. Мысалы: албырт, сардина, саңырауқұлақ, табиғи апельсин шырыны.

Асқазан-ішек жолы аурулары

Ағза күрделі жүйе болғандықтан, ондағы барлық процестер бір-бірімен өзара байланысты. Сондықтан егер асқорытумен немесе тамақтың сіңуімен қандай да бір проблема болса, оның терісінің жағдайы нашарлайды, аузынан жағымсыз иіс шығады және тері қышуы мүмкін. Кейде ол асқынып кетсе, шаш ерте ағаруы мүмкін.

Ескерту: Өздігінен емделуге болмайды. Диагнозды тек дәрігер қояды.

А. Жапатова