Қалқанша безінің қабынғанын білдіретін алғашқы белгілер
Фото: glazexpert.ru

Қалқанша безінің қабынғанын білдіретін алғашқы белгілер

Қалқанша безінің қабынғаны жақсы емес. Өте ауыр дерт. Білдірмей алады адамды. Сондықтан оны барынша ерте анықтаған жақсы.

Қалқанша без дегеніміз – адамның мойын тұсында, көмейдің алдында орналасқан шағындау без. Бұл без адамның зат алмасу процестеріне қатысатын бөлек гормон бөледі. Егер қалқанша безі қабынса, онда гормон бөлінісі азайып, бүкіл ағзаның жұмысына ақау түседі. Қалқанша безінің қабынуына аутоиммунды аурулар себеп болады. Яғни, ағзаның өзі кері кетіп, өз-өзіне шабуыл жасайды. Қалқанша безіне әсер ететін ауру – гипотиреоз дейді.

Қалқанша безінің аурулары көбіне адамға білінбейді, байқалмайды. Десе де мамандардың айтуынша, оны анықтаудың кейбір жолдары бар. Мәселен, қалқан безінің ауру енді басталғанын адамның таңертең әлсіреп оянуы білдіруі мүмкін. Әлсіздік – гипотиреоздың басты белгілерінің бірі. Қалқанша безі гормоны дұрыс бөлінбегесін, сүйек ағарып әлсіздік басады.

Мамандардың айтуынша, адам таңертең оянуы оянып, бірақ төсектен тұра алмайтындай әлсіздікке душар болса, бұл – соның нағыз белгісі. Одан бөлек мынадай да белгілері бар:

- Іш өту;

- Ойлау нашарлайды, шабан ойлайды;

- Қалтырау, дірілдеу;

- Салмақ қосу

- Күйзеліс.

Әрине, бұл белгілер басқа аурудың симптомдары да болуы мүмкін. Сондықтан анық-қанығын білу үшін дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Қ. Слямбек