Көңіл-күйі нашар адамның аузынан жағымсыз иіс шығады

Көңіл-күйі нашар адамның аузынан жағымсыз иіс шығады
Фото: zelyonayaferma.ru

Ауыздан шыққан иіс адамның көңіл-күйіне тікелей байланысты. Көңіл-күйі жоқ, күйзелісте жүрген адамнан жағымсыз иіс шығады. Осылай дейді АҚШ дәрігері Эрик Берг.

Маманның айтуынша, адамның көңіл-күйі оның микробиомасына, яғни, ішектегі жаман және жақсы бактериялардың таралуына тікелей әсер етеді. Ал ауыздан шыққан иіс осы микробиомаға байланысты.

"Адам байбаламға түсіп, көңіл-күйі мазасызданса, күйзеліске түссе, іштегі микробиома да өзгереді. Күйзелісте жүрген адамның ауызынан көбіне жағымсыз иіс шығатыны содан", - деп түсіндіреді доктор Эрик.

Созылмалы депрессияға түскен адамның ішегінде жаман бактериялар көбейіп, олар күкірт көп бөледі де, содан жағымсыз иіс ауызға келеді. Патогенді микроорганизм көбейгесін, жақсы бактериялар қырылып қалады. Содан адамның иммунитеті түседі. Жағымсыз иіс көп бөлінеді. Ең қиыны – бұл жағдай инфекция тудырып, тіс ауруларына, оның ішінде пародонтитке әкелуі мүмкін.

"Тағы бір дәлелденген теория. Стреске түскен адамның ағзасында кортизол гормоны көп бөлінеді. Ол да микробиомаға қатты әсер етеді, иммунитет түсіп кетеді", - деп түсіндіреді доктор.

Қ. Слямбек