Кәуаптың қай түрі бауырға зиян?

Кәуаптың қай түрі бауырға зиян?
Фото: pixabay.com

Кәуап – көп таралған тағамдардың бірі. Көкке шықсақ та, көшеге шықсақ та, кәуап жегіміз кеп тұрады. Бірақ кәуапты біз жақсы көргенімізбен, бауыр аса жақтыра қоймайды.

Себебі отқа қақталған еттің майы сыртына шығып, қышқылданып кетеді. Ал қышқыл майды бауыр сіңдіре алмай қиналады. Сондықтан кәуап жегенде барынша бауырға салмақ салмайтын түрін жеуге тырысқан абзал.

Ал мамандардың айтуынша, кәуаптың зиян-зиянсызын оның майлылығына қарап ажыратамыз дейді. Өте майлы болса, жаман. Ал майы аздау болса, жақсы.

Мәселен, кәуаптың ішіндегі ең зияны, әрине, шошқа етінен жасалған шашлық. Еттің 30-50 пайызына дейін май болады.

Одан кейінгі орында – құстың еті тұр. Тауық пен күркетауық бір қарағанда диеталық ет болғанымен, оны қуырған, қақтаған кезде майы сыртына шығып, отпен бірге қышқылданып, 20 пайыз май қышқылына айналады. Бұл бауырға жақсы емес.

Ал майы аз қышқылданатын – қой мен сиыр еті. Шамамен, 16 пайызы – май. Бірақ бұл жерде айтатын нәрсе – тағы да еттің қақталғанына байланысты болатыны.

Еттің майымен бірге ақуызына да қарау керек. Ақуыз – ағзаға өте қажет нәрлі зат. Ақуыз қой мен сиыр етінде көп болады. Қоян етінде ең көбі: 20-30 пайызы ақуыздан тұрады екен.

Табиғат аясында кәуаптан басқа не дайындауға болады?

Қ. Слямбек