Ұзақ өмір сүрудің жолы: Жапон халқының 5 әдісі

Жапон халқы – әлемде ең ұзақ өмір сүретін халық. Жапонияда өмір сүрудің орташа жасы – 83 жас. Әйел адамдар 88 жасқа дейін жасайды.

Ұзақ өмір сүру жапондар үшін қалыпты жағдай. Бұл тегін емес. Халықтың әдет-ғұрпына, ішіп-жемінде бір сыр жатыр деген сөз. Ендеше ол қандай сыр екен, соған үңілейік.

Балдыр жеу

Балдыр жеу жапон халқының әдетіне айналған. Ғасырлар бойы балдыр жеп келеді. Ал балдыр – адамға ең пайдалы тағамдардың бірі. Құрамында антиоксидант (қатерлі ісіктің алдын алушы қоспа), жасұнық пен А, С және Е дәрумендері көп болады.

Ашытылған тамақ

Жапондар мисо, натто, соя, темпе и соя соусы сынды ферменттелген тағамдарды жақсы көреді әрі жақсы жейді. Бұлар иммунитетті көтереді. Ферменттелген тағам дегеніміз – ашытып, божыту арқылы жасалған тағамдар. Ферменттелген тағамдарға айран, йогурт, тұздалып банкіге жабылған орамжапырақ пен қияр, басқа да ашытылған тағамдар жатады.

Органикалық тамақ

Жапон халқы өзінің жерінде өсірілген жеміс пен көкөністі жейді. Өңделген тауарды тұтынбауға тырысады. Көк шайды жанындай жақсы көреді. Көк шай адамның энергиясын көбейтеді, иммунитетін жақсартады. Жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдына алуға көмектеседі.

Бидайдың орнына күріш жейді

Азия халықтарының бір ерекшелігі – күрішті көп жейтіні. Жапондар күрішті күнде жейді. Бидай адамды тез семіртеді. Ал күріш жүрек пен қан тамырына пайдалы. Ал ұннан жасалған тағамдар адамды жүрек және қан ауруларына әкелуі мүмкін.

Көп жүреді

Жапондардың тағы бір қасиеті – жаяу жүру. Жаяу жүруді жақсы көреді. Жұмысқа да, дүкен мен басқа баратына жеріне де жаяу бара береді. Спортзалға барудың орнына жай жаяу жүруді жөн көреді. Жаяу жүрудің пайдалы екенін жапонға қарап түсінсек жеткілікті.

Ұзақ өмір сүрудің қарапайым жолы

Жапон әдісі: Спортпен айналыспай-ақ қалай ұзақ өмір сүруге болады?