Денедегі артық майдан арылудың қарапайым әрі табиғи жолы

Денедегі артық майдан арылудың қарапайым әрі табиғи жолы
Фото: 24tv.ua

Зерттеушілері семіз адамға (немесе өзін семіз санайтындардың) денедегі артық майдан арылуына, салмақ тастауына көмектесетін қарапайым әрі табиғи жолды тапты.

Mayo Clinic клиникасының зерттеушілерінің айтуынша, бел мен бүйірдегі артық майдан арылудың жақсы бір жолы – бұл дұрыс ұйықтау екен. Яғни, арығысы келген адам жеген тамағына, жасаған жаттығуына, қимыл-қозғалысына қатысуы қараумен қатар ұйқысына да мән беруі керек.

"Адамның ұйқысы көп нәрсеге әсер етеді. Әсіресе, салмағына. Ұйқысы нашар адам тез салмақ жинағыш келеді. Жасына, жынысына қарамайды. Жас адамның өзі дұрыс ұйықтамаса, тез семіріп кетуі мүмкін», - деп түсіндіреді зерттеушілер.

Мамандардың түсіндіруінше, адамның ұйқысы қанбаса, дұрыс ұйықтамаса, ағзадағы май энергияға айналмай, бүйір мен белге жинала береді. Содан адам қан-жүрек ауруларына, диабет пен деменцияға (қартаю), тоқ ішек пен омырау қатерлі ісігіне шалдыққыш келетін көрінеді.

Зерттеушілердің айтуынша, ұйықтау мен демалу уақыты әр жаста әртүрлі. Ағзаның қалауына, адамның шаршауы мен күйзеліс күйіне байланысты. Ең бастысы – ұйқы қануы тиіс. Бұған 8 сағаттық ұйқы жеткілікті.

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?

Қай кезде ұйықтаған ең пайдалы?

Қ. Слямбек