Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?

Дұрыс ұйықтау мен уақытылы ұйықтау жүрек және қан ауруларының алдын алады.

АҚШ-тағы Тулейн университетінің ғалымдары дұрыс және уақытылы ұйықтаған адамдардың жүрек ауруларынан аулақ болатынын әрі көп өмір сүруге бейім келетінін айтады. Зерттеу жүргізушілердің айтуынша, адамға 7-8 сағаттық ұйқы ұзақ ғұмыр сыйлайды екен. Яғни, тәулігіне 7-8 сағатын сау ұйқыға арнаған адамдар көбірек өмір сүреді.

Ғалымдар бұған зерттеу барысында көз жеткізген. Мамандар 37-73 жастағы 408 мың адамды бақылауға алып, бірнеше жылдан кейін 5221-і жүрек ауруларына шалдыққанын байқаған. Бұлардың көбі – түнде дұрыс ұйықтамайтын және ұйқысыздықтан зардап шегетін, аз ұйықтайтын адамдар екен.

Ал бұған дейін Гуанчжоу Медицина университетінің ғалымдары күндіз бір сағаттан көп ұйықтаған адамның көбі жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін екенін айтқан еді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар