Жаяу жүрудің 7 пайдасы

Жаяу жүрудің 7 пайдасы
Фото: unsplash.com

Қазір адамдардың көпшілігі аз қозғалысты өмір салтының жағымсыз салдарларының алдын алу үшін спортзалға барады, таңертең жүгіреді немесе үйде видео арқылы жаттығу жасайды. Денсаулықты қатайтуға және дене сымбаттылығын қалыпта ұстауға жылдам жүріс те көмектеседі. Жиі жаяу жүрудің 7 пайдасын ұсынамыз.

Өмір ұзақтығын арттырады
Ғалымдар Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің Орталық өлім тіркеліміндегі статистикалық мәліметтері мен сауалнамаға жауап берушілердің физикалық белсенділіктерін салыстыра отыра, мынадай шешімге келген: жылдам жаяу жүруді жөн көретін адамдардың өлім деңгейі төмен. Әрине, бұл зерттеудің қорытындысын 100 пайыз шынайы деуге келмейді. Себебі бұл сауалнамаға қатысушылардың субъективті көзқарасы және адамның өмір сүру ұзақтығына басқа да көптеген факторлар әсер ететінін ескеру қажет. Дегенмен, бұл — серуендеуге және жаяу жүруге басқаша қарауға бір себеп.

Жүрек пен қантамырларды қатайтады
Сөзсіз, жүрудің де, жүгірудің де денсаулыққа пайдасы мол. Бірақ тәжірибелер жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алу үшін жүру жүгіруге қарағанда нәтижелі екенін көрсеткен. Сондай-ақ жүру кезінде жүгірудегідей буындарға күш түспейді.

Қанайналымды қалыпқа келтіреді және қысымды реттейді
Жылдам жүріспен серуендеу қанмен нашар жуылатын қан тамырлардағы қанайналымды қалыпқа келтіреді. Бұлшықеттер мен тіндерді қанмен қамтамасыз етуді жақсартады. Сонымен қатар, қан қысымы да қалыпқа келеді.

Бұлшықеттер тонусын жақсартады
Жылдам жүріс бүкіл ағзаның бұлшықеттерін оңтайлы жүктемемен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұлшықеттердің және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жаттығуын ынталандырады.

Сонымен қатар, жылдам жүріспен жүру күйзеліспен күресугеас қорытуды жақсартуға және ұйқыны реттеуге көмектеседі.

А. Жапатова