Дәрігер шайды алкогольсіз сусынға теңеді

Дәрігер шайды алкогольсіз сусынға теңеді
Фото: radiosputnik

Диетологтар ұлттық ассоциациясының мүшесі, диетолог Марина Макиши шай ішудің зиян екенін айтты. Ол шайға қатысты бірнеше ұсыныс берді.

Дәрігер шай генетикалық ерекшеліктеріне байланысты денсаулыққа әртүрлі әсер ететін алькогольсіз сусын екенін еске салды.

Диетолог теріні жас күйінде сақтаудың жолын айтты

"Мысалы асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасымен ауыратын адамдар оны тұтынуды шектеуі керек. Артериялық гипертензиясы мен атеросклерозы бар адамдар үшін тым күшті қайнатылған шай зиян. Ащы шай асқазан мен ас қорыту жолдарының шырышты қабығының тітіркенуін, жүрек қағуын және ұйқысыздықты тудырады", - дейді Марина Макиши.

Сонымен қатар кофеин концентрациясының жоғарылауына байланысты шай бас ауруы мен жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі.

Бұрын диетолог балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек екенін айтқан болатын. 

Т. Раушанұлы