Диетолог теріні жас күйінде сақтаудың жолын айтты

Диетолог теріні жас күйінде сақтаудың жолын айтты
Фото: fiverr.com

Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Диетолог және диабеттік тамақтану бойынша сарапшы Тоби Смитсон Eat This, Not that! сайтына берген сұхбатында теріні қалай жас қалпында сақтаудың жолын айтты.

Күніне екі порция бадам тұтыну әжімдер мен терінің пигментациясын азайтуға көмектесетінін көрсетті. Оның айтуынша, әжімдердің жиілігі 16 пайызға, пигментация қарқындылығы 20 пайызға төмендеген.

"Әжімдерден арылу үшін күніне екі рет бір уыс бадам жеңіз", - дейді диетолог.

Бадам, ақуыз бен талшықтың ғана емес, сонымен қатар Е витаминінің және магнийдің көзі.

Диетолог артық салмақ пен семіздікке шалдыққан адамдарға күнделікті диеталық бадам қабылдауға кеңес береді.

Смитсон  бадам жеген артық салмақпен ауыратындардың 12 апталық зерттеуі дене майының, әсіресе іш майының пропорционалды түрде кетуін дәлелдеді дейді.

 Бадамның пайдалы қасиеттері жүрек-қан тамырлары ауруларына да қолданылады, себебі ол қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Бадамның калориясы жоғары деп саналғанымен, диетолог олардың құрамында калория аз дейді.

Т. Раушанұлы