Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ғалымдар коронавирус жұқтырған еріктілерге 4500 доллар төлейді
Ғалымдар коронавирус жұқтырған еріктілерге 4500 доллар төлейді

Британ ғалымдары коронавирустың жаңа түрі COVID-2019-ға қарсы вакцина жасап шығару үшін 24 ерікті керек екенін мәлімдеген. Оларға коронавирустың қауіпсіздеу штамдарын егіп, 2 апталық карантинге жатқызады. 

Есесіне еріктілер 4500 доллардан алады. Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлаған. 

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

Вакцина бойынша эксперименттерді Лондон қаласындағы Queen Mary BioEnterprises инновациялық орталығы зертханасына иелік ететін компания жүргізеді.

Волонтерларға вирустың қауіпсіз штамдары егіледі (0C43 және 229E). 

Дәрігерлер вирус жұқтырған адамның жағдайы мен диетасын мұқият қадағалайды. Тәжірибе барысында COVID-2019-ге қарағанда тыныс алудың қауіпсіз аурулары пайда болуы болжанған. 

Коронавирус қайдан пайда болды?

Тексерілген вакциналар мен дәрі-дәрмектердің ішінен ең тиімдісі коронавирусқа шалдыққандарға егіледі. Ғалымдар жаңа тәжірибе эпидемиямен күресуге көмектеседі деп үміттеніп отыр.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп мәлімдеді. Ауру 114 елдегі 126 мыңнан астам адамға жұққан. Өлім саны 4,6 мың адамнан асты. Сонымен бірге 68 мыңнан астам науқас аурудан толықтай айығып шықты. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы алдын-алу шараларын жүзеге асыруды жариялады. Қоғамдық шаралардан бас тартылады.  

"Азаматтарды азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етуде ешбір кедергі болмайды", - деп уәде етті Президент.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: newsler.ru
Қосылған күні: 13 наурыз, 11:21
Ұқсас жазбалар:
Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды? Massaget.kz
Коронавирус қайдан пайда болды?
AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар