Қазақстанда бұқаралық іс-шараларға уақытша тыйым салынды

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы жаппай шараларға тыйым салу туралы айтты.

"13 наурыздан бастап инфекция таралуының алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларды, мерекелік шараларды, спорттық, ойын-сауық және мәдени шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді және басқаларды өткізуге тыйым салынды. Денсаулық сақтау орталықтары, коммуналдық қызметтер экономика, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарлар, тамақтану, теміржол станциялары, әуежайлар мен қонақ үйлерде санитарлық режимі күшейтіледі", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

Кеше, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп мәлімдеді. Ауру 114 елдегі 126 мыңнан астам адамға жұққан. Өлім саны 4,6 мың адамнан асты. Сонымен бірге 68 мыңнан астам науқас аурудан толықтай айығып шықты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы алдын-алу шараларын жүзеге асыруды жариялады. Қоғамдық шаралардан бас тартылады. 

"Азаматтарды азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етуде ешбір кедергі болмайды", - деп уәде етті Президент.