Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / К дәрумені ағзаға не үшін қажет?

К дәрумені ағзаға не үшін қажет?

К дәрумені ағзаға не үшін қажет?

Көпшілік К дәрумені жайлы естімеген болуы мүмкін. Ол А, С, Е және В тобының дәрумендері секілді танымал емес. Бірақ одан К дәруменінің ағза үшін маңызы жоғалмайды.

К дәрумені – ағзаға қажетті құнарлы зат. Ол сүйектерді қатайтады, кальций және басқа да "құрылыс материалдарының" өндірілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ К дәрумені – қанның ұю процесін бақылайтын маңызды элемент. Оның екі түрі бар: К1 және К2. Оның біріншісі өсімдік өнімдерінде болса, екіншісі жануар өнімдерінде болады.

Бұл дәруменнің ағзаға қандай пайдасы бар?

- Жүрек ауруларының алдын алады. Кальций сүйектерге қажет болғанмен, қан тамырларына зиян. К2 дәрумені кальцийдің күретамырға жиналып қалуын болдырмайды.
- Тіс саулығын арттырады. Остеокальцин ақуызы – тісті тісжегіден және басқа да зақымдардан қорғайтын басты зат. Ал ол ағзада тек К дәруменімен бірге іске қосылады.
- Сүйектерді қатайтады. Уақыт өте сүйектер өзінің бейорганикалық заттарының бір бөлігін жоғалтып, әлсіз бола түседі. Егер К дәрумені жеткілікті мөлшерде болса, ағза кальцийді белсенді түрде синтездейді. Сондықтан сүйектер қатайып, сыну қаупі азаяды.

К дәрумені қандай азық-түлікте болады?

Әрине, К дәруменін биологиялық белсенді қоспалар (БАД) түрінде қабылдауға болады. Бірақ кез келген дәруменді тағамнан алған жөн. К дәрумені – майда еритін дәрумен, яғни ол ағзаға сіңу үшін міндетті түрде майлар керек. Мысалы, К дәруменіне бай асжапырақ (шпинат) жесеңіз, оған майы бар өнім қоспайынша дәрумен ағзаға мүлдем сіңбейді.

Құрамында К дәрумені көп азық-түлік тізімі:

- Қырыққабат;
- Асжапырақ;
- Шалқан;
- Брюссель қырыққабаты;
- Брокколи;
- Қасқыржем (спаржа);
- Салат;
- Соя;
- Асқабақ;
- Балқарағай жаңғағы;
- Қаражидек.

К дәруменіне бай тағамдар құрамында омега-3 немесе омега-6 майлы қышқылдары бар өнімдермен бірге жақсы үйлеседі және дұрыс сіңеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: healthline.com
Қосылған күні: 29 қаңтар, 14:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.