Ағзаға омега-6 не үшін қажет?

Ағзаға омега-6 не үшін қажет?
Фото: zachkvar.com

Омега-3 майлы қышқылдарының пайдасы жайлы естіп жүрміз: олар ми жұмысын жақсартады, шаш пен тырнақты қатайтады, тері қартаюына қарсы тұрады және т.б. Ал омега-6 майлы қышқылдары не үшін қажет?

Омега-6 майлы қышқылдарының маңызды функцияларының бірі – жасушаларды сыртқы зақымдардан қорғау және олардың табиғи кедергісін қатайту. Сондай-ақ олар артериялық қысымды реттейді және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысына жағымды әсер береді. Омега-6 майлы қышқылдарының тағы бір пайдасы – олардан қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсер беретін маңызды заттар синтезделеді. Ағза өздігінен омега-6 қышқылын өндіре алмайтындықтан, оны тек тамақтан ала аламыз.

Мына өнімдерде омега-6 қышқылдары көбірек кездеседі:

- Грек жаңғағы;
- Тофу;
- Күнбағыс дәндері;
- Жержаңғақ майы;
- Авокадо;
- Жұмыртқа;
- Бадам жаңғағы;
- Кешью жаңғағы.

А. Жапатова