Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі

Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі

Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі

Көпшілік адамның ағзасы дәрумендер мен микроэлементтердің, соның ішінде, омега-3 майлы қышқылдары жетіспеушілігін сезеді.  Ағзамызда омега-3 майлы қышқылдары тапшы екенін қайдан білеміз?

Құрғақ тері
Тері ылғалды жақсы сақтау үшін және ұзаққа дейін жас болып қалу үшін оған омега-3 майлары керек: олар жасуша қабырғаларының құрылымына кіреді. Олардың деңгейі жоғары болған сайын тері қоректік заттарды жақсырақ сіңіреді және улы заттардан жылдамырақ құтылады. Яғни, ағзадағы майлы қышқылдардың деңгейі қаншалықты жоғары болса, тері жағдайы соншалықты жақсы әрі сау болады. Ал егер майлы қышқыл жетіспесе, бірден тері құрғақтығы пайда болады.

Әлсіз шаш
Егер жылтыраған шашпен және қанық шаш түсімен мақтана алмасаңыз, сізге омега-3 жетіспеуі әбден мүмкін. Себебі бұл майлар шашыңызды қатайтады, шаш түсуінің алдын алады және бас терісі жағдайын жақсартады.

Сынғыш тырнақ
Тырнағыңыз сына бере ме? Маникюріңіз ұзақ тұрмай ма? Тырнағыңыз өте жұмсақ болып бара ма? Күмән жоқ, сізге омега-3 қажет. Балық майын ішіп көріңіз, ол ағзаға жылдам сіңеді.

Тырнақты қатайтатын процедуралар

Нашар ұйқы
Оксфорд университетінің ғалымдары ағзасында омега-3 майлы қышқылы жеткілікті адамдардың ұйқысы қатты және қанық болады деген шешімге келген. Ал майлы қышқылдар тапшылығымен қиналатын адамдарда ұйқы мәселесі орын алатындығын байқаған. Бірақ бұл омега-3 қосымшасын жатарда ұйықтататын дәрі ретінде ішу керек деген сөз емес. Керісінше, оны таңертең ішкен жөн, сол кезде күні бойы өзіңізді қуатты сезініп, кешкісін жеңіл ұйықтайсыз.

Буындардың ауыруы
Омега-3 майлы қышқылдары – буындар ауруын жеңілдетуге көмектесетін қабынуға қарсы жақсы құрал. Егер бұл мәселеге уақытында көңіл бөлсеңіз, буындар мен тіндерді бұзатын процестерді тоқтата аласыз.

Құрамында омега-3 майлы қышқылдары көп азық-түлік:

- скумбрия;
- сардина;
- соя сабақтары;
- грек жаңғағы;
- албырт;
- жұмыртқа;
- майшабақ;
- чиа дәндері;
- асжапырақ (шпинат);
- зығыр дәндері;
- брюссель қырыққабаты;
- устрица.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 05 қаңтар, 11:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.