Денсаулыққа қандай банан пайдалы?

Денсаулыққа қандай банан пайдалы?
Фото: pixabay.com

Бананды жақсы көрмейтін адам кем де кем шығар. Ол пайдалы, дәмді болуымен қатар, басқа жемістерге қарағанда тойымды болады. Көпшілігі дүкен сөрелерінен қанық сары түсті банан іздейді. Ал егер ұзақ уақытқа жарайтындай көп банан алар болсаңыз, оның көк түсін таңдаған абзалырақ. Сіз тұтынатын уақытқа дейін өзі сарғайып, қоңырқайланып, бабына келеді. Ал бананның әр түсті түрі денсаулыққа әртүрлі әсер етеді.


Жасыл банан
Банан жасыл түсті болса, көпшілігі оны әлі піспеген деп есептеп, алғысы келмейді. Олар қателеседі. Жасыл түсті банан қант диабетімен ауыратын адамдарға өте пайдалы. Оның құрамында қант өте аз мөлшерде болады. Көк банан жүрек-қан тамырлары дертімен күресіп жүргендер үшін де аса пайдалы.


Сары банан

Көбіне дүкен сөрелерінен сары бананды кездестіреміз. Ол тағамдық құндылығы аса жоғары әрі антиоксидантқа өте бай болады. Пайдалы элементтердің қайнар көзі болатын сары түсті банан адам ағзасына таптырмас жеміс.


Дақтары бар банан

Бананда қоңырқай дақтар болса, оның да пайдалы тұсы мол. Ол иммундық жүйені күшейтуге көмектеседі. Мұнымен дақты бананның пайдалы тұсы аяқталмайды. Ол түрлі ісіктермен күресуге қауқарлы. Қоңыр дақтары бар бананды тұтына отырып, онкологиялық ауруларға жол бермейсіз.


Қоңыр банан
"Банан қарайып кетіпті" деп мұндайда көбісі лақтыруға асығады. Керісінше, бұл осы жемістің ең тәтті, нағыз пайдалы шағына жеткен кезі. Ішектерінде ақау бар адамның өзіне басқа түстеріне қарағанда, қоңыр бананды қорыту оңай болады. Сүйек пен бұлшықеттің жетілуіне де осы бананның пайдасы мол. Мұндай бананда крахмалы толықтай қантқа айналады, қант диабеті бар адамдар абай болғаны абзал. Дегенмен стресспен күресіп, көңіл күйді көтеруге қабілеті бар. Егер қоңыр бананнан шірік иісі шыға бастаса, пісуден де арғы деңгейге өтіп кеткені, яғни енді оны тастай беруге болады.

@. @assel_assanova