Қуыруға болатын банан

Қуыруға болатын банан
Фото: www.povarenok.ru

Банан деген сөзді естігенде дереу көз алдымызға дүкендерде сатылатын сары түсті, иісі мұрын жаратын, тәтті жеміс елестейді. Бұл сорты Кавендиш деп аталады, ал сол бананның біз білмейтін басқа қандай түрлері бар? Кей түрлерін көргенде тіпті әдеттегі бананның түрін ұмытып қалуыңыз да ықтимал.

Бүлдіршін

Бүлдіршін (бэйби не мини). Бірнеше кіші банан сорты жалпылама осылай аталады. Олардың ұзындығы 8 сантиметрден аспайды, әдеттегі Кавендиш бананынан екі есе кіші. Бүлдіршін банандар дәмді, пісу мерзімі өткен кезде өте тәтті болады. Оның жасыл түсті түрін сатып алуға болмайды. Қабығы қанық сары түске енуі керек, тіпті қоңырқайланса да артық емес. Бұл банан түрлерін жеміс-жидек салатына қосқан өте жақсы болады, ал өз бүлдіршініңізге берсеңіз тіпті керемет.

Мансано

Мансано піскен кезде қабығы қызыл-қоңырқай түске енеді. Егер сары түсті болса, демек ол піспеген, Орталық және Оңтүстік Африкада өседі. Қарапайым бананға қарағанда, Мансаноның жемісі қаттылау болады, иісі алмаға ұқсайды. Сол себепті оны кейде «алма банан» деп те атайды. Бұл бананды пеште пісіруге де болады. Оның құрамында С дәрумені мол.

Барро

Барро – лимон қышқылы бар банан. Жақсы піскен Барроның ашық-сарғыш қабығында қоңырқай дақтары болады. Барроны балғын күйінде жеуге де болады, одан чипстер жасауға да болады.

Плантейн

Плантейн бананын тек пісіріп жеу керек. Оның өзге банандардан ерекшелігі: біріншіден, түсі жасыл, екіншіден, шеті ұзыншақ. Бізде көптеген тағамға картоп қолданса, Мексикада картоп орнына Плантейн қолданылады. Оны қуырып не бұқтырып, гарнирмен бірге береді. Плантейнді әзірлеуге ешқандай білгірлік, данышпандық қажеті жоқ. Қызып тұрған өсімдік майына 5 минут шамасында ұстап алсақ, бананымыз пісіп шыға келеді. Тек оны кескен кезде қолыңызға қою қоңыр түсі жұғып қалады.

Қара банан

Кей адамдар барлық банан ішінде осы түрін сүйіп жейді. Нағыз шынайы банан дәмі осындай болуы керек деп есептейді.

Қызыл банан

Қызыл банан қабығының түсі – шалқанға ұқсас, ал жұмсағы алқызыл түсті. Дәмі нұт жемісіне ұқсайды, деликатес ретінде қолданылады. Қызыл бананды тоңазытқышта сақтауға болмайды. Олай еткен жағдайда тым жұмсақ болып, дәмін жоғалтады. Бұл сортын құрғатып, қақтап қоюға да болады.

@. @assel_assanova