Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / "Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы": Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек деген не?

"Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы": Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек деген не?

Елбасы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында: "Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт" бағыты бойынша қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс дегенді атап өткен болатын. 

Осы бағыт негізінде Қазақстан Ресбуликасының денсаулық сақтау саласын дамыту үшін 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" бағдарламасы жүзеге асуда. Басты міндеті – халықтың сапалы денсаулық сақтау қызметін алуы, емделуге мүмкіндік алуын қамтамасыз ету. Медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарын жетілдіру, оның толықтығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Қазақстанның әр азаматы жедел көмек пен жоспалы түрде аурухана жатып, емдеу-профиликтикалық шараларын қабылдауға құқылы. Бұл кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) аясында іске асады.

Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек қалай іске асады деген сауалға онлан мемлекеттік қызмет пен ақпарат сайты egov.kz былайша жауап береді: "Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен оралмандарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады".

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанда "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" (ОСМС) мен "Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмектің" арнайы пакеттері бекітілген болатын. 

Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек құрамына жедел жәрдем мен сантиарлық авиация кіреді: қоғамдық маңызы бар, қоршаған ортаға зиянын тигізетін аурулар мен жедел емдеуді қажет ететін стационарлы көмек те осы тізімде. Сонымен қатар, профилактикалық екпелер, амбулаториялық-емханалық көмек те тегін емдеу шарасына жатады. 

Тегін емделу квотасына қалай қол жеткізуге болады?
Кез келген тұрғын тегін түрде, мемлекеттің есебінен қымбат технологиялық құрылғылардың араласуын қажет ететін ем шараларын қабылдап, тексерістен өте алады. 

Ауруханалар мен емханаларда ем алу барысында квота тегін тексеріс, сараптама жасау, ота мен медикаменттердің тегін болуына кепілдік береді. 

Квота барлық адамға беріле бермейді. Әрбір ауданға халықтың тығыздығыына сәйкес белгілі бір мөлшерде квота бөлінген. Квотаны алу үшін медициналық тексерістен өтіп, емханадағы емдеуші дәрігердің жолдама қағазын алуы шарт.  

Жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері – емдеу барысында кез келген тұрғынның қалтасы көтере бермейтін қымбат, сапалы, тың диагностикалық технологияны пайдаланатын нақты бір салалық ауруларға көрсетілітен көмек.   

Емделушіні өзінің дәрігер тексерістен соң, ауруханаға жатқызу бюросының арнайы порталына тіркейді. Егер оған жергілікті дәрежеде көмек көрмету мүмкіндігі болмаса, денсалуық сақтау қызметкері оның құжаттарын арнайы комиссияға жіберіп, республикалық дәрежедегі денсаулық сақтау ұйымдарына жөнелтуін сұрайды. 

Комиссия құжаттарды сырттай немесе медициналық көрсеткішке сай емделушімен тілдесе отырып тексереді. Егер республикалық деңгейде көмек көрсетуге шешім қабылдаса, онда бағытталған ауруханаға арнайы талон арқылы жібереді. 

Шетелде емделу квотасы үшін не керек?
Егер емдеу профилактикалық шараларында елде жоқ технология қолданса, Қазақстан азаматының шетелде ем алуға мүмкіндігі бар. Көбіне ағза не ұлпа трансплантациясын жасау үшін доноры бар балалары, жүкті әйелдер мен емделушілер жіберіледі. Одан бөлек, қызмет барысында жарақат алып, жергілікті дәрігерлер көмек көрсете алмаған әскери қызметкерлер де шетелге жолдама алады. 

Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек тізіміне не кіреді:
Денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша балалар мен ересектерге реабилитациялық көмек көрсету шарасы: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық ауруларды тексеру және  емдеу шараларлы кіреді.
• Сонымен қатар, дерматологиялық және венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық дерттермен күресу де кепілді көлемдегі тегін медицианлық көмек тізіміне енеді.
• Қоршаған ортаға зиянын тигізу қаупі жоғары туберкулез бен алапеске байланысты аурулар да бұл тізімге жатады. 
• 
Одан бөлек, АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету міндеттеледі.
• Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету де тегін іске асады.

Консультативтік-диагностикалық көмек қандай жағдайда тегін болады?
• 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдер мен тісі ауырсынып келген науқастарға да стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі, бұған ортодонттық қызмет жатпайды. 18 жасқа толмаған балаларға физиотерапевтикалық қызмет тегін көрсетіледі;
• Жедел жәрдем қызметтері;
• Жергілікті деңгейде балалар мен ересектерге стационарлық медициналық көмек көрсету, оның ішінде оңалту қызметі;
• Алғашқы медициналық-санитарлық қызмет маманының жолдамасы негізінде аурулардың барлық түрлері бойынша жоспарлы қызмет көрсету, оның ішінде:  онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық,офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтикалық, травматологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулар, алкоголизм және наркомания, туберкулез, қант диабеті, бронх және өкпе аурулары;
• АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету;
• Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету.
Бұл тізімде негізге ала отырып, кез келген науқастың уақытында емдеу шараларын қолына алса, денсаулығын реттеуге мүмкіндігі барын байқауға болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com / @ijeab
Қосылған күні: 21 тамыз, 16:46

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.