Қазақстан тұз тұтынудан көш бастап тұр

Қазақстан тұз тұтынудан көш бастап тұр
Фото: mvkus.mvideo.ru

"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының ерекшелігі —  тек денсаулық сақтау саласын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін жұмыс жасау. Өмір сүруді ұзартудың бірден бір жолы бұл салауатты өмір салтын ұстану: спорт және дұрыс тамақтану.  

Дәстүрлі көше базарлары Орталық Азия мемлекеттерінің арасында жоғары сұранысқа ие. Ол жерден жемістен бастап, ет, сүзбе мен дайын тамаққа дейін сатып алуға болады. Дегенмен, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеу бойынша бұл көше тағамдары қаныққан май, транс май мен тұзға өте бай екендігі белгілі болған. 

Соның ішінде, еліміз тұз тұтыну бойынша алғашқы орынға іліккен. Зерттеуге сүйенсек, Қазақстандағы тұз тұтыну мөлшері күніне  17 граммды көрсеткен. Бұл ДДҰ-ы қауіпсіз деп белгілеген мөлшерден төрт есе жоғары. 

Бұл санақ есебі 2019 жылы, 22 ақпанда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған шарада нақтыланған. 

Зерттеу қорытындылары дұрыс тамақтану Қазақстанның даму жолындағы назарға алынуы тиіс басты міндет болу керек екендігін дәлелдеген. 

Тұзды көбірек қолдану бұл ежелден келе жатқан дәстүрлі тағам өнімдерімен байланыстырады. Бұрынғы заманда көшпелі тұрғындар етті, балықты сақтау үшін оларды тұздың өзіне пісіріп, қақтаса, құрт, айран секілді өнімдердің өзін дайындау үшін де тұз қажет.  Бүгінде де тұзды ұлттық өнімдерді дайындау әдісі жалғасуда. Одан бөлек, заманауи фаст фудтардың басым бөлігі тұзды мөлшерден тыс қолданады.

Сонымен қатар, майға (транс-майлар) бай, қант та тамақтану сапасын түсіріп жіберді. Бұлар жұқпалы емес, бірақ созылмалы аурулардың жиі туындауына себеп болды. 

Тұзды мөлшерден тыс қолдану гипертония, жүрек қан тамырларының дерті, семіздік пен диабет және қатерлік ісікке алып келеді. Өлім-жітімнің артуы мен мүгедектік Қазақстанны қоғамдық экономикалық дамуына кері әсерін тигізеді.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдің өндіріс саласында натрий қолданысын 30%-ға азайтуды және транс-май қышқылын тамақ өндірісінен алып тастауды ұсынды.

Т. Есқали