Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың артықшылықтары

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың артықшылықтары

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың артықшылықтары

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – саланы цифрландыру немесе IT технологияларын халық игілігі үшін пайдалану.

Жылдан жылға медицина саласы дамып келеді. Түптеп келгенде, медицина адам өмірінің орталығы саналатын сала ғана емес, бұл заманауи жағдайда өмір сүру салтымен ерекшеленеді.  XX ғасырда технологиялық "бум" орын алған шақта бұл жетістік қоғам үшін аса пайдалы саналды. Технологияның дамуы медициналық жабдықтардың сапалы бола түсуіне, халықтың медицина саласына сенім артуына себепкер болды. Мұның бәрі тәжірибемен байланысты болса, ендігі әлеуметтік желі мен интернет қызметтерді қолданып үйренген халық үшін медицина саласын цифрландыру қажеттілігі арта түсті. 

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру толықтай сараптамадан өтуі тиіс:  медициналық тәжірибенің жақсаруына себеп болып қана қоймай, қызмет көрсету деңгейін арттырады. 

2018 жылғы көрсеткіш бойынша, медицина саласын цифрландыру өзінің тиімділігін дәлелдей бастаған. Соның ішінде, аураханада дәрігерлер қабылдауында болу саны, сәйкесінше кезек саны екі есеге азайған. Электронды медициналық картаның қолданылуы 3200 тонна парақты үнемдеуге себепші болған.

2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап дәрігер қабылдауына тек ақпараттық технологиялар көмегімен ғана баруға болады. Яғни, мемлекеттік ауруханалардың өзіне алдын ала жазылу арқылы өтесіз. 

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру әлемдік нарықта DH (Digital Healthcare) деп атайды. Медицина саласын цифрландыру кім үшін пайдалы?
1. Пациент немесе емделуші — алдын-ала жазылу арқылы уақыттарын үнемдейді, сараптама қорытындыларын электронды түрде үйден қарай алады, фармацевтикалық сауаттылыққа ие болады.
2. Дәрігер — уақыт пен қағаз үнемдеумен қатар, пациент жайында толық ақпаратқа ие болады. Оның медициналық тарихына көз жеткізеді және ретті жұмыс орнын қалыптастырады.
3. Медициналық мекемелер — қызмет сапасы артады, дәрігерлердің рейтингін жариялау арқылы сапалы емдеу шарасын арттырады және жемқорлықпен күреседі. 

Цифрландыруға бағытталған 3 қадам:
Пациент жайлы үздіксіз әрі нақты ақпарат алу үшін жасалатын негізгі үш қадам бар: әрбір азаматты электронды картасын базаға енгізу, медициналық компаниялардағы цифрландыру инновациясының жылдамдығын арттыру және дәріге онлайн рецепт тағайындау мүмкіндігін беру. 

Электронды медициналық карта 
Электронды медициналық картада жарық дүниеге келген сәттен бастап барлық клиникалық тарих жазылады. Кез келген өзгеріс компьютер арқылы дәрігерге көрінеді. Сонымен қатар, флюорографиялық жазба, рентген және өзге де қажетті қағаздарды пациент өзімен алып жүрмейді. Өйткені, ақпарат бірден компьютерге енгізіледі. 

Созылмалы ауруларды бақылау (ПУЗ)
Бұл бағдарлама бойынша дәрігерлер мен емдеуші арасында тығыз қарым-қатынас орнауы шарт. Өйткені, әлем бойынша өлім-жітімнің 70% созылмалы дерттерді уақытында емдемеген себепті орын алады. Қазақстан да сол қатерден көш бастап тұр. Бағдарлама негізінде емделушімен терапевттен бастап өзге мамандар жұмыс істейді. Олар емделушіге уақытылы дәрі қабылдау, ем алу және диета секілді маңызды кезеңдерді басқаруды үйретеді. Емделуші тек дәрігер ғана бақылай алатын электронды күнделікті толтырады. Осылайша, емделушінің денсаулығын сақтау жолында цифрлы технология қолданылады.

Денсаулық — басты байлық. Бүгін оған назар салмасаңыз, артынан сізді аяғыңыздан шалуы әбден мүмкін. Денсаулығыңызды күтіңіз және технология көмегімен оны әлдеқайда жеңілдету жолдарын қарастырыңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 18 шілде, 13:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.