Амебалық дизентерия

Амебалық дизентерия
Фото: Anamed.kz

Anamed.kz сайты "Профессорға арналған сұрақтар" бөлімін жалғастырады, мұнда профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман біздің оқырмандарымызға пайдалы кеңестерін, аурулардың алдын-алу және қандай да бір аурулардың дамуын болдырмауға болатынын және әркімге өз денсаулығын қалай қадағалау керегі жайында айтып беретін болады.

– Менің он алты жасар қызымда амебалық дизентерия кездейсоқ табылды. Бұл қандай ауру?

– Амебалық дизентерия (амебиаз) - гистолитикалық амебаның бір жасушалы паразитінен (Entamoeba histolytica) туындаған ауру. Паразит тоқ ішекті зақымдайды. Бұл барлық жер бетіндегі барлық жерлерде кездеседі, бірақ ыстық климатты елдерде жиі кездесіп жатады.

Амеба екі формада өмір сүре алады:

• трофозоит — вегетативті (көбейетін) белсенді түрі, ішекте мекендейді, адам организмінен тыс тіршілігін жояды. 
• циста — тыныш күйдегі белсенді емес түрі, осы цистаның көмегімен амебиаз таралады.

Егер организмге трофозоиттер түссе, олар ауруды туындатпайды, себебі, асқазанда жойылады. Цисталар организмге түсіп, асқазаннан ішекке өтеді және трофозоит түріне айналады. Трофозоит ішекте белсенді көбейеді және дизентерияны туындатады, егер Entamoeba histolytica штаммы инвазивті болса. Ішекте жылжып, трофозоиттің тығыз қорғаныс қабығы болады, цистаға айналып, сыртқы ортаға шығады. Трофозоиттердің шығуы іш өтуінде болады, және әдетте, тез жойылады. Осылайша, цисталар - паразиттің жаңа адамды зақымдайтын түрі.

Инфекция гигиеналық және санитарлық жағдайларды сақтамай, ауруы бар адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде, инфекцияланған нәжіс тиген кезде жұғады. Кір, экскрементті қол арқылы, ластанған су, жеміс-жидектер мен көкөністерді қолданғанда, адамның нәжісін тыңайтқыш ретінде пайдаланғанда осы инфекця таралады.

– Инфекция жұққан кезінде қалай болады, қалай білеміз және инфекцияның белгілері қандай?

– Ауру жұқтырған адамдардың 90% -дан астамы асимптоматикалық амофермен болып табылады. Амебиоздың симптомдары көбінесе білінбейді, адам бұл аурумен бірнеше жыл бойы өмір сүріп, оған тіпті, назар аудармайды да. Дегенмен бұл диареямен, метеоризммен, іш қатумен, нәжісте қанның көрініс беруі мүмкін және кейде дене температурасының шамалы көтерілуімен де байқалып жатады. Бірте-бірте адам жүдеп (кахексия) және анемияның дамуымен де білінеді.

Амебалық колит (амебалық дизентерия) ішектің ішіне кіргеннен кейін 2-6 апта ішінде дамиды. Бірте-бірте іш ауырып, іш өтеді, содан кейін - мықындар ауырып, белдің төменгі жағы ұйып ауырады. Трофозоит ішек қабырғасына кірген кезде қатты ауырсыну сезімдері орын алады. Бұл жағдайда эпителий бұзылады, ішектің қан тамырлары зақымданады және терең жаралар да қалыптасады. Клиникалық түрде бұл тоқ ішектің ауырсынуымен, жиі іш қатумен, аз мөлшерде шырыш пен қанмен белгі береді, дене қалшылдап, бой әлсіздігін сезінесіз, тәбет жоғалу сияқты, ішектің дұрыс жұмыс істемеуі секілді жағдайлар көрініс береді.

Процесс соқыр ішекке өткенде, ауру өткір аппендицитке ұқсауы мүмкін. Ауру асқынғанда күніне 10-12 рет іш өтеді. Нәжісте, несепте қан мен шырыш араласып шығады. Бактериалды этиологияның диареядан айырмашылығы, амебалық колиті бар аурулардың 40%-нан астамында дене қызуы артады. 
Кейде ісік тәрізді түзінділер қалыптасады – амебома, ол кезде ішек бітеліп қалуы мүмкін. 
Трофозоит ішек қабырғасына енсе, бұл перитонеальды қабыну - перитонитке ұшырайды.

– Амебалық дизентерия қалай емделеді?

Тек дәрігер ғана сынақ нәтижелері талдай отырып емдеуді тағайындайды. Екі препараттың комбинациясын қолдана отырып жақсы терапиялық әсерге қол жеткізуге болады: трофозоиттерді өлтіретін метронидазол және цисттарға қарсы бағытталған дийодгидросихинол. Емдеуден кейін 1, 3 және 6 айдан кейін терапияның тиімділігін тексеру үшін үлкен дәретті қайта сараптаудан өткізеді.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

А. Рысдәулет