Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Өмірді ұзартуға ерекше әсері бар спорт түрі анықталды

Өмірді ұзартуға ерекше әсері бар спорт түрі анықталды

Өмірді ұзартуға ерекше әсері бар спорт түрі анықталды

Оңтүстік Каролина университетінің профессоры Стивен Блэрдің жетекшілігімен 32 жыл бойы 20-дан 90 жас аралығына дейінгі 40 000-ға жуық адамға зерттеу жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, бақылауға профилактикалық медицина орталығы болып табылатын Купер клиникасының пациенттері қатыстырылды (Даллас, АҚШ). Ғалымдар белгілі бір спортпен әуесқойлық деңгейде айналысатын жандарды және сол аталмыш спорт түрлеріне қатысты өлім деңгейін зерттеді. Бақылау кезінде жаяу жүрушілер, жүзгіштер және тұрақты жүгіретіндер қадағаланды, сондай-ақ спортпен шұғылданбайтын адамдар назардан тыс қалған жоқ.

Осылардың ішінде жүзу спортын серік еткен адамдар өлімнің ең төменгі деңгейін көрсетті. Осы топтағы өлім-жітім барлық басқа топтарға қарағанда 50% -ға кем болды. Блэрдің сөзіне қарағанда, анықталған факт бойынша жүзумен айналысатындардың кардиореспираторлық жүйесі фитнесінің жоғары деңгейімен айналысқанға пара-пар екен. Басқа спорт түрлеріне қарағанда жүзудің артықшылығы түрлі жолдармен де, зерттеулермен де дәлелденді.

Жүзумен шұғылданатындардың қан плазмасындағы жалпы холестериннің, триглицеридтердің, глюкозаның деңгейі төмен болып келеді де, ал «жақсы» холестериннің (жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің) деңгейі аз қозғалатындармен салыстырғанда жоғары деңгейде болады екен. Тиісінше жүзу жүрек-қан тамырлары ауруларының, соның ішінде миокард инфарктісінің қаупін азайтады екен. Сондай-ақ, жүзумен айналысатындарда жалпы холестериннің, қандағы триглицеридтердің, әдеттегі жүрек соғу жылдамдығы, жаяу жүргенге қарағанда төмен болатын көрінеді.

Ғалымдар жүзудің созылмалы аурулары бар адамдарға да ұсынылатынын ерекше атап өтуде. Жүзу басқа спорт түрлерімен шұғылдануға немесе жүгірумен айналысуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін тамаша балама болуы мүмкін. Көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, физикалық белсенділіктің төмендеуі мезгілсіз өлім қаупін арттырады, ал кез-келген тұрақты дене белсенділігі сапалы өмір сүру мерзімін ұзартатынын естен шығармаған абзал.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: vk.com
Қосылған күні: 01 шілде, 12:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.