Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Энергия беретін йоганың 3 күйі

Энергия беретін йоганың 3 күйі

Энергия беретін йоганың 3 күйі

Күннің басында немесе соңында ішкі тыныштықты орнатуға көмектесетін йоганың жаттығулары бар. Олар барлық адамға келеді, бірінен соң бірі орындалады және 15 минуттан артық уақыт алмайды.

1. Басты сергіту

Адхо Мукха Шванасана

Ақыл-ой шаршағанда кейде ми тұсынан қызуды сезінеміз. Тыныштану үшін басты "суыту" керек. Бұл қалыпта жай тыныс алу керек. Суреттегі қалыпты жасаңыз: алақаныңызбен еденге тіреніп, аяғыңызды барынша түзу ұстаңыз. Жамбас сүйектері жоғары тұруы керек. Табаныңызды сәл көтеруге болады. Ішті босаңсыту керек. Көзіңізбен кіндігіңіз жаққа қараңыз. Тек мұрынмен бірқалыпты жай тыныс алып, осы қалыпта 2-3 минут тұрыңыз. Ми оңай босаңсу үшін маңдайыңызды сүйеуішке қоюға болады.

Нәтиже: Жеңілдеу, қызған мидың тынышталуы, босаңсу, арқа, желке және бүйір бұлшықеттерінің созылуы.

2. Ақыл-ой мен сезімді табыстыру

Вилома-пранаяма

Аяғыңызды қиыстырып отырыңыз және басыңызды алға қарай түсіріңіз, бірақ омыртқаңызды түзу ұстаңыз. Көзіңізді жұмып, алақандарыңызды қосып, кеуде тұсында ұстаңыз. Иығыңызды тік ұстап, іш пен жамбас бөлігін толықтай босаңсытыңыз. Ішіңіз босаңсыған күйде ауа кеудеңізді толтыратындай мұрын арқылы ұзақ тыныс алыңыз. Содан соң бір секунд ішінде бірден шығарып жіберіңіз. 1 секундтық үзіліс жасаңыз. Ішіңіз ширыға бастағанын сезгенге дейін тыныс алуды қайталаңыз. Содан кейін жаттығуды аяқтаңыз, ішіңіз қысылмауы керек.

Нәтиже: Лимфа айналымының жақсаруы, мидың және бұлшықеттердің оттекпен қанығуы.

3. Ішкі тыныштықты сезіну

Шавасана

Шалқасынан жатыңыз. Омыртқа барынша созылу үшін құлағыңыздың астыңғы жағына кішкене сопақ жастық қойыңыз: иығыңыз жерге тиіп тұру керек. Қолыңызды денеңізден әрірек қойыңыз. Аяқтарыңызды сәл ашып жатыңыз. Басыңызға қойған жастық қалыңдау болуы керек, себебі бетіңіз алға бұрылып тұруы тиіс. Содан соң бүкіл денеңізді босатып жатыңыз. Толықтай тыныштану үшін көзіңізге бірдеңе байлап қоюға да болады.

Нәтиже: жан дүниенің қалпына келуі, жүйке, бұлшықет  және ақыл-ой кернеуінің азаюы, ақыл-ой мен дене бірлігінің қайта орнына келуі.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: politeka.net
Қосылған күні: 21 мамыр, 15:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.