Барлық жерде жаттығу жасайық

Барлық жерде жаттығу жасайық

Артық салмақпен күрестің ең тиімді тәсілі – үнемі қозғалыста болу. Фитнес, йога секілді қаражат талап ететін жерлерге баруға мүмкіндігіңіз болмаса, үйде жаттығу жасап, билеңіз. Оған да уақытыңыз болмаса, ешкімге білдірмей жүрген жеріңізді жаттығу залына айналдырыңыз.

Үйде жүргенде жаттығу

Бетіңізді жуғанда, киім үтіктегенде, ыдыс жуғанда, аяққа салмақ түсіріңіз. Өкшені және аяқтың ұшын кезек-кезек көтеріп, бірнеше рет қайталаңыз. Одан соң билеп тұрғандай, өкшені көтеріп, екі тізеңізді кезектестіріп бүгіңіз.

Теледидар қарағанда, кітап оқығанда, диванда жатқанда, бөксені шынықтырыңыз. Бір қапталмен жатып, екі аяғыңызды кезексетіріп жоғары көтеріңіз.

Киім үтіктегенде, ыдыс жуғанда, бір бүйірлеп тұрыңыз да, шаруаңызды 90 градусқа бұрылып істеңіз. Оң жаққа бүйірлеп тұрсаңыз, сәлден кейін сол жаққа ауысыңыз.

Кеңседе қозғалу

Жұмыс орнында отырғанда арқаңызды тіктеп, қолыңызды үстелдің астына қойыңыз. Үстелді көтергендей болып, білекке салмақ түсіріңіз. Осы күйде 10-15 секунд тұрып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

Орындықтың шетіне отырып, бір аяғыңызды 20 сантиметр көтеріңіз. Шаршағанша осы қалыпта отырыңыз. Одан кейін екінші аяқты көтересіз. Екі аяқты қатар көтеріп, жаттығуды қиындатуға болады.

Қоғамдық көлікте шынығу

Автобуста не метрода келе жатқанда тұтқаны тігінен ұстап, қарама қарсы жаққа бұрылғандай болыңыз. Аяғыңыз қозғалыссыз тұрады.

Балтырыңызды шынықтыру үшін, тұтқадан мықтап ұстап, өкшеңізді көтеріңіз. Біраз тұрған соң, өкшеңізді баяу түсіріңіз.

Жалғасы бар...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың Жақсылығы
Қазақтың Жақсылығы
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?