Қанды неге топқа бөледі?

Қанды неге топқа бөледі?
Фото: Коллаж

Қан тобы неге әр түрлі және резус-фактор деген не, олар адамның денсаулығы мен болмысына әсер ете ме деген сұрақтарға жауап іздеп көрдіңіз бе?

Неге қан топтарға бөлінеді?
Қан сұйық плазма мен жасушалар — эритроцит, лейкоцит пен тромбоциттерден тұрады. Эритроциттердің сыртқы қабығында генетикалық қабілетке ие жүздеген антигендер бар: гликопротеин немесе гликолипидтер.  

• Антиген — ағзаға енген немесе түзілген жағдайда иммундық жүйені іске қосып, антиденемен бірлесе қызмет атқаратын генетикалық бөгде зат. Олардың қатарына нәруыз, полисахаридтер, липопротеин, нуклеопротеиндер кіреді.  

Қан тобын анықтау үшін ABO жүйесі қолданылады. Негізгі екі антиген А және В арқылы қанды топқа жіктеуге болады.   
1. А қан тобы (II) — эритроциттер А антигенін өндіреді.
2. B қан тобы (III) — тек В антигені өндіріледі.
3. О қан тобы (I) — екі антиген де кездеспейді.
4. АB қан тобы (IV) — екі антиген де бар.

Қан тобына байланысты плазмада антиденелер болады: альфа (анти-А) мен бета (анти-B). Бұл ақуызды қосылыс бөгде антигендермен күресіп, иммундық жүйені қоздырады. 
1. А қан тобы (II) — плазмада анти-B антиденесі бар.
2. B қан тобы (III) —  сұйықтықта анти-A анти денесі кездеседі.
3. О қан тобы (I) — анти-А және анти-B де бар.
4. АB қан тобы (IV) — екі антидене де қан плазмасында жоқ.  

Неге қан құяр кезде тобына мән береді?
Егер А қан тобына басқа қан тобын араластыратын болса, плазмадағы оның антиденелері өзара реакцияға түсіп, қан жасушалары жабысып қалады да, эритроциттер агглютинациясы болады. Нәтижесінде тамырлардың бітеліуі мен өлім туындайды.

Сондықтан донор таңдар кезде міндетті түрде қан тобына мән береді:
• Егер адамның қан тобы А болса, оған А және О тобын құюға болады.
• Егер В қан тобына жататын адам болса, оған В және О тобы сәйкес келеді.
• АВ қан тобына кез келген топтағы қан құйылады: Антидене болмаса, мәселе туындаймайды.
• О тобына тек өзін ғана құя алады. Есесіне, олар кез келген топқа донор бола алады. Олардың құрамында антиген болмағандықтан, бұл қан тобымен ешқандай антидене қарсы күреспейді.  

Дегенмен, қан құяр кезде тек топ қана емес, резус-фактор да назарға алынады.

Резус-фактор деге не?
Резус-фактор — эритроциттердің беткі қабатында орналасқан нәруызD-антигені. Егер сіздің қаныңызда бұл нәруыз болса онда резус-фактор оң (Rh+), егер болмаса — теріс (Rh–).

Егер резус-факторы теріс адам  D-антигенді қанды құйдыратын болса, ағза D-антиденесін өндіре бастайды. Нәтижесінде эритроцит құрамы бұзылады. Егер, резус теріс болса, кез келген адамға құйыла береді. Ал, оң болған жағдайда толыққанды тексерістен соң ғана құйылады. Әлемде тек 15% адамның резус факторы теріс. Сондықтан, донор кейде ұзaқ ізделеді.   

Жүктілік кезінде де Rh– адамдар денсаулығына мән берген жөн. Егер ұрықтың резус факторы Rh+ болса, онда ана қаны арқылы балаға өтуі мүмкін. Кейін оны қаны антидене өндіре бастайды. Алғашқы жүктілік те қауіпті болмағанымен, екінші не үшінші баланың қан жасушасын зақымдап, қан аздық тудыруы мүмкін.  

Қан тобы мен резус факторды қалай анықтайды?
Зертханада сараптама жүргізіледі: қан үлгілеріне альфа және бета антиденелері бар реагенттерді қосады. 

Қан — адамның маңызды ішкі сұйықтық ортасы. Өзіңіздің денсаулығыңызды сақтау мақсатында қан тобын білу үшін сараптама жасатқаныңыз артық етпейді.

Т. Есқали