Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Қыста сергек жүру үшін...

Қыста сергек жүру үшін...

Қыста сергек жүру үшін...

Қыстың қақаған қаңтар айының ортасы да келіп қалды. Бұл кезде ауа райының суықтығы өз алдына, адамды түрлі жұқпалы аурулар төңіректейді және қажетті күн сәулесінің жетіспеуі де мазалайды, күйзеліске ұрынып, көңіл-күй бұзылатын кездер жиілейді. Осындай жайсыздықтардың алдын алу үшін ағзаның қорғаныс қабілетін қуаттандырып, бойды сергек ұстаудың тәсілдерін біле жүрген жөн.

Таза ауада серуендеу

Ең әуелі күндіз бір мезгіл таза ауада серуендеуге уақыт бөлген жөн. Мұның иммунитетке берері көп. Сонымен қатар күн сәулесі сергектік беретін гормонды "оятып", сезім сыйлайды. Сондықтан күндізгі серуенді әдетке айналдырыңыз. Күн бұлтты болса да таза ауада серуендегеннің пайдасы мол. Оны адам көп ұзамай-ақ сезінеді.

Табиғи кофе

Егер қуатыңыз азайып, қан қысымы тым төмендеп кетсе, онда сермене (лимонник), бүлдірген (земляника) ерітінділерін ішкен дұрыс. Асқазан көтерсе, гипертония қаупі болмаса, онда табиғи кофе ішкен пайдалы. Алайда кофе бір сәттік сергектікті ғана сыйлай алады.

Жеңіл қозғалыс

Бірнеше минуттық жаттығу сізге күні бойына сергектік беретіні рас. Осы теорияға бір күніңізді бөліп, тәжірибе жасап көріңізші. Мұны тек таңертең ғана жасау міндетті емес. Өзіңізді көңілсіз немесе жабырқау сезінген сәтте жаттығу сізге көмектеседі.

Жарық

Үйдің қара көлеңке емес, жарық болғаны жөн. Жан-жағыңызда ашық түсті заттардың көбірек болуын қадағалаңыз. Үстелде, кереуетте, отыратын, жататын жерде ашық түсті заттар тұрғаны жақсы. Қара, сұр түстерден аулақ болыңыз және қызыл, қызғылт, сары, жасыл түстеге үйір болыңыз. Тіпті ас ішетін ыдысыңыз да ашық, гүлді түсте бол­ғаны дұрыс.

Дәрумені мол тағамдар

Ал ағзада серотонин көбірек түзілуі үшін ас құрамында «Омега-3» қанықпаған майлы қышқылдарының мол болуына көңіл бөліңіз.  Олар теңіз балығы мен теңіз өнімдерінде, зәйтүн мен зығыр майында көп. Теңіз балығында ағзаға аса қажет Д дәрумені де мол.

Тыныш ұйқы

Қыста ағзада «ұйқы гормоны» – мелатонин көбейеді. Керісінше, «қуаныш гормоны» – серотонин түзілуі азаяды. Бұл ұйқы басуына, көңіл-күйдің түсуіне, жиі құбылуына себеп болады. Сол себепті ұйқы режиміне мұқият болыңыз. Күндіз сергек жүру үшін түнгі ұйқыңыз қанық және тыныш болуы қажет.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: pridnestrovie-daily.net
Қосылған күні: 17 қаңтар, 14:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.