Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес

Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес

Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес

Ақ көрпесін қымтаған қыстың күнінде жұмысы ерте басталатын адамдарға таңертең ерте ояну қиынға соғатыны ақиқат. Жоғарыда аталған себептермен жұмыстан немесе сабақтарынан қалып жүрген жастарға оны жеңу жайлы кеңес айта кетуді жөн көрдік.

1. Түскі асқа берілген үзілісті пайдаланып біраз таза ауада серуендеңіз. Себебі, ол дұрыс ұйқы мен тез ояна білуге зор септігін тигізеді.

2. Кешкі сағат 20:00-ден кейін теледидар көрмеуге тырысыңыз. Себебі, теледидардан бөлінетін ультракүлгін сәулелер мен көгілдір түс адамның ұйқы бездеріне әсер ететін мелонин деп аталатын ферментті жойып жіберу қасиетіне ие.

3. Ұйықтар алдында өзіңізге өте дәмді бір тағам түрін даярлап, таңертеңгі асқа қойып қойыңыз. Ертең ерте тұрып соны жеймін деген ниетпен сіз діттеген уақытыңызда ояна аласыз. Қарапайым тағамың өзі ерте тұруға себепші бола алады.

4. Терезені ұйықтар алдында сәл ашып жатыңыз. Себебі, адам ұйықтап жатқанда көмірқышқыл газын көп мөлшерде бөліп шығарады. Сондықтан да көп жағдайда адамдардың ұйқысы қана бермейді, көбінесе шаршаңқы келеді. Бұл жағдайды болдырмау үшін бөлменің ауасын тазартып тұрған дұрыс.

5. Оятарыңызды төсегіңізден алыс жерге қойыңыз. Оны өшіру мақсатында орныңыздан тұрасыз, нәтижесінде жұмысыңыздан кешікпейсіз.

6. Ояна салған сәтте бөлмеде жарықты жағыңыз. Себебі, жарық адамның ұйқы безінде бөлінетін мелонин ферментінің үздіксіз бөлінуін тежейді.

7. Ояна салған сәтте терезеңізді ашып, тереңінен тыныс алыңыз. Мейлі, суық болсын, аяз болсын. Есесіне бойыңыздағы қанайналым жақсарады.

8. Тағы жарты сағат жата тұрайын деген ойдан арылыңыз. Уақтылы тұрып, уақтылы жатып ұйықтау адам ағзасын бірқалыпқа келтіреді. Денсаулығыңыз да жақсара түседі. Соның арқасында түрлі жүйке ауруларының алдын аласыз.

Сурет: velvet.by

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2014, 13:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.