Ипохондрияның 7 белгісі

Ипохондрияның 7 белгісі
Фото: pixabay.com

Интернет ғасырында ипохондрикке айналу оңай бола түседі. Себебі интернетке кез келген аурудың белгілерін жазып табуға болады. Оған форумдағы түрлі жауаптар да қосылады. Бұл күлкілі естілгенмен, шетелдік ауруханалардағы әр бесінші емделушісі ипохондрик екен. Сізде ипохондрия (өзіне ауруды ойлап табу) белгісінің бар-жоқтығын тексеріңіз.

1. Сізге шамалы сырқаттанудың өзі қауіпті аурудың белгісі ұқсап көрінеді

Өз денсаулығыңызды уайымдап, жаман нәрседен қорқу – қалыпты жағдай. Бірақ ол бастан кетпейтін ойға айналса, дұрыс емес. Ипохондрик деген осы.

"Асқазан ауырса, ішімде жара пайда болды, жөтелгенім өкпе ісінуінің белгісі болса керек, басымның жиі ауыруы ми ісігіне шалдыққаным" деп ойлау осы дерттің мысалы бола алады. Ипохондрик оны жай тұмау немесе ұйқысыздық салдары екен деп ойламайды. Ол диагноздың ең сирек және ең жаманы екеніне 100%-ға сенімді болады.

2. Әлеуметтік желідегі парақшаңызға қарағанда медициналық порталдарға жиірек кіресіз

Психиатрияда тіпті, бөлек киберипохондрия деген диагноз бар. Мұндай ауруға шалдыққан адам әрдайым өз белгілерін интернеттен іздейді. Содан соң қорқынышты бір ауруды таңдап, өзінің қатты ауырып жүргеніне сене бастайды.

3. Үнемі өзіңізді тексере бересіз

Температура мен қысымыңызды тексере бересіз және тамыр соғысын санайсыз. Тапсырған анализдеріңіздің нәтижелерін зерттей бересіз. Денеңізде пайда болған жараның өлшемін күні бойы қадағалайсыз.

4. Үнемі дәрігерлерге бара бересіз

"Сау" деген диагноз сізді тыныштандырмайды. "Сірә, алаңғасар маман тап болды" деп санайсыз.

5. Дәрігерге мүлдем бармайсыз.

Өз диагнозыңызды біліп тұрсаңыз, оның не қажеті бар деп ойлайсыз. Интернетте барлық белгісі мен емделу жолдары жазылып тұр.

6. Сізде психосоматикалық белгілер бар

Ол ағзаның күйзеліске деген реакциясы: жүрек соғысы, демікпе, бас айналу, әлсіздік, түсініксіз аурулар. Бұл белгілердің өзінде анализдер жақсы нәтиже көрсетсе, міндетті түрде психотерапевтке көрініңіз.

7. Әрдайым өз денсаулығыңыз жайлы айта бересіз

Барлық танысыңыз сіздің қауіпті аурумен ауыратындығыңызды естіп шаршады, ал адамға жаны ашымайтын дәрігерлер болса, сізге әлі ем жазып бере алмай жүр. Сіз сағаттар бойы белгілеріңізді тізімдеп айта аласыз. Сізге қолдау көрсеткен адамдарға күрсінесіз.

Ипохондрия ауруы жеңіл емделеді. Бастысы, психотерапевтке көріну керек. 

А. Жапатова