Ер адамдардың шашы түсуінің 6 себебі

Ер адамдардың шашы түсуінің 6 себебі
Фото: pixabay.com

Тақырлану туралы сөз қозғалғанда, ер адамдардың үздіксіз және қайта өспейтін шаш түсуі елестейді. Мұндай тақырлану маңдайдан және төбеден басталады.

Тарақта қалған аздаған шаш мөлшері қалыпты саналады. Адамдардың көпшілігі күніне 100-ден 200-ге дейін шаш жоғалтады. Бірақ кейде көп шаш түссе де, оның тақырлану болмауы мүмкін. Шаш түсуі мүмкін 6 себепті ұсынамыз.

1. Қалқанша бездің жұмысы бұзылуы

Қалқанша без шаштың өсуін және сапасын реттеуге көмектеседі. Қалқанша без қызметінің күшеюі (гипертиреоз) кезінде және қалқанша без қызметінің төмендеуі (гипотиреоз) кезінде де шаш түсуі мүмкін. Егер шаш түсу қалқанша без гормондарының себебінен болса, тек белгілі бір жерде емес, бүкіл денеңізде түктің азаюын байқайсыз. Анығын білу үшін қандағы гормондарды тексеретін анализ тапсыру керек. Нәтиже қалыптыдан ауытқып кеткен болса, эндокринолог немесе дерматолог гормон деңгейін қалпына келтіруге көмектеседі. Содан соң қайтадан шаштың өсе бастағанын байқайсыз.

2. Қатты күйзеліс немесе ауру

Егер шашыңыз тарау кезінде оңай алынып қалып жатса, ол қандай да бір күйзелістен туған болуы мүмкін. Бұл кезде тек нақты жерде емес, басыңыздың барлық жерінде шаштың түсуі байқалады. Мұндай шаш түсу себеп болған оқиғадан соң, 3 айдан 6 айға дейін байқалады. Бұл жағдайда көпшілік адамның жағдайы өздігінен жөнделеді.

3. Инфекция

Айналмалы шаш түсу саңырауқұлақ инфекциясынан шақырылған болуы мүмкін. Бұл инфекция тасушы адаммен тікелей байланыс кезінде немесе сүлгіні, төсек-орынды ортақ қолданған кезде жұғады. Бұл – жұқпалы ауру. Ол қызаруға, қабаттануға әкеліп, кейде шаш түсудің айналмалы сызығы бойымен ірің пайда болуы мүмкін. Егер анализ оң болып шықса, әдетте инфекцияны емдейтін дәрілік құралдар жазып береді. Инфекция толықтай кеткен кезде шаш қайта өсе бастайды.

4. Белгілі дәрілер немесе қоспалар ішу

Түрлі адамдар дәрілік құралдарға әр түрлі әсер береді. Шаш түсуіне ықпал ететін дәрілік құралдарға стероидтар, депрессияға қарсы дәрілер, безеуді емдеуге қолданатын А дәрумені туындысы жатады. Мұндай жағдайда дәріні қабылдауды тоқтату немесе басқа дәріге көшу шаштың қайта өсуін қалпына келтіреді. Дәрігерлер шаш түсуге қарсы қоспаларды да абайлап ішуді ұсынады. Себебі олардың көпшілігінде А дәрумені, Е дәрумені, селен немесе олардың қоспасы болады. Ал бұл қоректі заттардың көп деңгейі ағзаға кері әсерін беруі әбден мүкін.

5. Вегандық диетаға көшу                

Егер ағзада жеткілікті көлемде темір болмаса, бас терісінің жалпы әлсіреуін байқайсыз. Себебі темір жетіспеушілігі ағзаға «тірі қалу» режимін қосады. Ол әдетте, түкті бетке қолданылатын қоректік заттарды және оттекті алады. Сондықтан дәрігер сізге қандағы темір деңгейін тексеретін қарапайым анализ тапсыруды сұрауы мүмкін. Егер деңгей төмен болса, құрамында темірі бар қоспалар немесе жоғары темірі бар диета жазып беруі мүмкін. Темір деңгейі қалпына келген соң шаш қайта өсе бастайды. Бірақ оған бірнеше ай кетуі мүмкін.

6. Аутоиммунды ауру

Айналмалы алопеция (шаш түсу) – иммунды жүйе шаш құрылуына қатысатын жасушаларға шабуыл жасайтын ауру. Кей жағдайда ауру ауыр болуы мүмкін және бас терісінің барлық шаш бөліктеріне, тіпті қас пен сақалға әсер етуі ықтимал. Сонымен қатар, тырнақтан толқындық немесе ақ дақ байқауыңыз мүмкін.

Егер шашыңыз түсуін уайымдасаңыз, дерматологқа қаралыңыз. Бұл саладағы дәрігерлердің шаш ауруларына байланысты білімі кеңірек болып келеді. Олар оның себебін анықтап, қалпына келтіруге көмектеседі.

А. Жапатова