Әкеге қажетті дәрумендер

Әкеге қажетті дәрумендер
Фото: pixabay.com

Көктем – кез келген иммунитет үшін қауіпті уақыт. Жұқпа ылғалдылық пен аздап жылы температураны жақсы көреді. Сондықтан, тұмау аурулары бірден көбейіп кетеді. Оның үстіне дәрумен жетіспеушілігінің себебінен ағза ауру жұқтыратын микробтарға қарсы тұра алмайды. Ерлер ағзасы көп мөлшердегі ақыл-ой және физикалық жүктеменің себебінен жылдам әлсіреп, оған жұқпа жылдам жабысады.

Ер адам ауырмас үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтаған жөн:

- Толыққанды тамақтаныңыз. Көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз.

- Күннің жарығында далаға шығып тұрыңыз.

- Ауа райы бойынша киініңіз. Терлемейтін етіп киініңіз.

- Жұмыс орныңызды жиі желдетіп тұрыңыз.

- Физикалық тұрғыда белсенді болыңыз. Бірқалыпты физикалық жүктеме ағзаны тонуста ұстап тұруға көмектеседі.

- Дәрігердің кеңесін алыңыз. Мүмкін, сізге қосымша дәрумен ішу керек.

Ер адамға иммунды күшейтуші ретінде жақсы әсер беретін дәрумендерге С, D, В1, В5 және В6 жатады. Олар сауығуды жылдамдатады. D дәрумені ер адам үшін ең қажет дәрумен десе де болады. Ол ер адамның жыныстық жүйесіне пайдалы және сүйектерді бекітуге, үлкен жүктемені көтеруге көмектеседі.

Бастысы, мұндай пайдалы дәруменнің қорын жинау үшін уақытылы отбасымен серуендегеннің өзі жеткілікті екенін ұмытпаңыз. Жүру және таза ауа ағзаның сақтық мүмкіндігін арттырады, ал отбасылық демалыстан алынған жағымды эмоциялар көктемгі көңілсіздіктен қашуға көмектеседі.

А. Жапатова