Неліктен қатты терлейсіз?

Неліктен қатты терлейсіз?
Фото: pixabay.com

Терлеу адамды дене қызуының көтерілуінен құтқарады, бірақ кейде ол үлкен мәселеге айналады. Күнделікті өмірде тершең алақанмен амандасуға ыңғайсыздану, әр таңда төсектің қатты ылғал болуы және басқа да жағымсыз жағдайлар орын алады. Неліктен қатты терлеуіңіз мүмкін?

1. Тұқым қуалаушылық. Адамдардың 3%-ы жоғары тершеңдікпен (ғылыми атауы – гипергидроз) генетикалық ерекшеліктерге байланысты ауырады. Бұл қатарға кірсеңіз, уайымдамаңыз. Тершеңдікті түрлі паста, жақпа май, ванналармен азайтуға болады.

Тіпті, арнайы ота – симпатикалық діңгекті алып тастау (симпатэктомия) бар. Ол кезде тер бөлінуге жауап беретін жүйке жүйесі бұзылады. Бірақ бұл процедура ешқандай басқа әдістер көмектеспейтін кезде ғана жасалады.

2. Күйзеліс. Адамдар күйзеліс пен жабырқаулы жағдайда терлейді. Егер мазасыздық пен жаман көңіл күй (сонымен бірге қолтықтың терлеуі) кетпесе, өмір ырғағын өзгерту керек.

3. Артық салмақ. Мұндай жағдай да жиі болады: үлкен дене көп жылу өндіреді, ал май қабаты оның шығуына мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда салқындаудың жалғыз жолы – терлеу.

4. Дәрілер. Тершеңдікті жиі антибиотиктер, күйзеліске қарсы және қызу түсіретін құралдар шақырады. Курс аяқталған соң, барлығы қалпына келеді.

5. Жүктілік. Жүктілік кезінде гормонды фон өзгереді, сондықтан майлы және тер бездері белсенді бола түседі. Жағдай екінші триместрде (шамамен жүктіліктің 4-5 айынан бастап) дұрысталуы керек. Ағза өзгеріске бейімделіп, тер шығу қалпына келеді.

6. Тамақтану. Шарап, ащы және ыстық тағам, кофе және тәтті газдалған сусын – бұл өнімдерден бас тартқан жөн. Олар тер бөлінуіне ықпал етеді.

7. Темекі тарту. Көпжылдық темекі тартудан соң кейде қан тоқтап қалу және ұсақ қан тамырларының қысылуы болады. Сол үшін тер бездерінің жұмысы бұзылады.

8. Ауру. Егер сізге бұл себептердің ешқайсысы келмесе, дәрігерге қаралыңыз. Кейде жоғары тершеңдік – ол қауіпті аурулардың белгісі. Мысалы, қалқанша бездің жоғары функциясы кезінде адам суық ауа райында да ыстықтайды.

А. Жапатова