20-20-20 ережесі

20-20-20 ережесі
Фото: pixabay.com

Компьютер, смартфон немесе планшет экранының алдында ұзақ отыру көзіңізге күш салады. 20-20-20 ережесі бұл мәселенің алдын алуға көмектеседі. Бұл ереже бойынша, адам экран алдында отырғанда әр 20 минут сайын шамамен 6 метр қашықтықта орналасқан қандай да бір затқа 20 секунд қарау керек.

Бұл ережені қолдану – жұмыста жиі үзілістер жасап тұру керектігін есте сақтаудың керемет әдісі. Ол сандық экрандарды көп пайдаланғаннан көзге түскен күшті төмендетуге көмектеседі. Ендеше, бұл ережені қалай дұрыс қолдану керектігіне тоқталайық.

Көздің кемшілігін түзету бойынша маманы Джеффри Аншел үзіліс жасаудың қажеттілігін еске түсіру және көз кернеуін азайту үшін 20-20-20 ережесін ойлап тапқан. Бұл ережені сақтау арқылы адам экранға қарау кезінде әр 20 минут сайын 20 секундтай үзіліс жасайды. Ол үзіліс кезінде өзінен 6 метр қашықтықтағы затқа қарағанда көз бұлшықеттері босаңсыйды.

Мына кеңестер бұл ережені тәжірибеде қолдануға көмектеседі:

- Жұмыс істеу кезінде әр 20 минут сайын оятқыш ойнайтын етіңіз. Ол үзіліс жасау керектігін еске салады.

- 20-20-20 ережесін сақтауға көмектесетін арнайы қосымша жүктеп алыңыз.

- 20-секундтық үзілісте терезеге қараңыз. Нақты 6 метр қашықтықты есептеу қиын болуы мүмкін, бірақ, егер көшенің арғы бетіндегі ағашқа немесе бағанаға зейін қойсаңыз, көмектесуі тиіс.

- Балама ретінде, адам әр 20 минут сайын 20 секундқа көзін жұмуына да болады. Сонымен қатар, көзді жыпылықтату көз құрғақтығының алдын алады.

- Бір орында отырып жұмыс істейтін адамдар арасында орнынан тұрып, жүруі керек.

А. Жапатова