Медитация жасау: бастаушыларға 5 кеңес

Медитация жасау: бастаушыларға 5 кеңес
Фото: pixabay.com

Медитация – буддистер мен эзотериктердің айрықша құзыреті емес, ол дүнияуи жаттығу. Медитация жасауды бастауға және өзіңізге зиянын тигізбеуге көмектесетін 5 кеңес ұсынамыз.

1. Қандай да бір ғажап нәрсе күтпеңіз

Медитация – жақсы әрі пайдалы тәжірибе, бірақ ол сізді барлық аурудан қорғамайды, өміріңізді жөнге келтірмейді және сізден Нобель иегерін жасамайды. Ол тіпті, психологтың орнын баспайды.

«Таңғаларлық» зерттеулерге скептицизм көзімен қараңыз. Мұндай зерттеулердің көпшілігін олимпиадалық спортшылар қаншалықты жаттықса, соншалықты уақыт медитация жасайтын адамдарға жүргізеді. Оның үстіне кей журналистер қосып жазып, тақырыбын «Медитация ісікті тоқтатады» немесе «Медитация – бақытқа жету кілті» деп қояды.

2. Дұрыс орын мен уақыт табыңыз

Медитацияға арналған орын тыныш, жайлы және бос болуы керек. Көрші бөлмеден қатты шығып тұрған теледидар дауысы да болмаған жөн. Босаңсуға көңіл аударыңыз. Тәжірибе кезінде сізді жұмыс немесе қандай да бір басқа мәселе туралы ойлар мазаламау керек. Медитацияны таңертең ертемен немесе ұйықтар алдында жасаған дұрыс. Жарық қатты ашық болмауы керек.

3. Аяғыңызды сақтаңыз

Шығыс тәжірибесі жақсы ойластырылған: адам денесін жаттықтырады, содан соң ғана ақыл-ойын жаттықтыруға кіріседі. Әрине, кәсіби медитаторлар денесін жаттықтырмай, бірден кірісіп кетуі мүмкін. Алайда жаңадан бастаушы денсаулығын ойлауы керек. Ол үшін бой жазып, ыңғайлы етіп отырыңыз және бір күйде 15 минуттан артық отырмауға тырысыңыз. Тамырлардың түйнеліп кеңеюінің алдын алу мақсатында компрессиондық трикотаж қолданыңыз.

4. Тыныс алыңыз

Тыныс алуыңызды бақылау арқылы ойыңызды да ретке келтіре аласыз. Оңай естілгенмен, іске келгенде тыныс алу медитацияның ең қиын бөлігі болып табылады.

Онға дейін санаңыз. Босаңсу үшін өз ойыңызды есепке қойыңыз. Терең дем алып, 8-ге келгенде шығарыңыз, 2-4 секундқа деміңізді ұстап, қайтадан шығарыңыз. Осыны 2 минуттай жасаңыз.

5. Медитация жасаңыз

Осы кезеңге келгенде көпшіліктің ойында сұрақ туады: ары қарай не істеу керек? Мінекей, сіз отырсыз, баяу тыныс алып, ойыңызды тоқтатуға тырысып жатырсыз. Ары қарай не істейсіз? Басыңызға «түскі асқа не дайындаймын» немесе «жұмысымды үлгеремін бе» деген секілді түрлі ойлар келеді. Олармен күресуге тырыспаңыз, аздап күтіңіз. Тыныс алуыңызға зейін қою арқылы ойды жіберіңіз. Тағы бір ой келсе, тағы да күтіңіз, санауды ұмытпаңыз. Сол кезде ол ой да кетеді.

Негізінде, босаңсып, толықтай ақыл-ойды тазарту керек. Бірақ ол әрқашан және бірінші реттен ойдағыдай шыға бермейді. Сонда да жаттығуды тастамаңыз, ештеңе болмаған сияқты болса да жалғастырыңыз. Ең нашар медитацияның өзі денсаулыққа пайдасын тигізеді.

А. Жапатова