Медитацияның қандай пайдасы бар?

Медитацияның қандай пайдасы бар?
Фото: brightwallpapers.com.ua

Көптеген адам біраз уақыт бойы медитацияға сенбей келді. Себебі, медитация рухани ем саналып, шығыс еліне ғана тән болды.

Ал негізінде, өмірімізді жақсартуға септігін тигізетін жақсы әдістің бірі – медитация. Ол рухты көтеруге, жүйкені тыныштандыруға, тіпті, мансап жолында өсуге де көмектеседі.

Медитацияны бастауға бірнеше себеп:

1. Ұйқы жақсарады. Ұйықтар алдында медитация жасасаңыз ағзаны ұйқыға, демалуға дайындайсыз. Күнделікті жұмыс пен көңіл-күйге ұйқының нашарлығы әсер етеді. Сондықтан медитация жасап, ұйқыны жақсарту күндіз жайдары, жеңіл жүруіңіздің кепілі.

2. Жүрек ауруларының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша медитация жүрек ауруы, инсульт, жүрек ауруынан өлім қаупін 50 пайызға азайтады. Күніне 15-20 минут жасалған медитация жүрек саулығын 47 пайызға жоғарылатады. Демек өміріңіз де ұзарады.

3. Күйзелістен арылтады. Әдетте күйзелістен құтылу үшін дәрігерлер сан түрлі қымбат дәрі-дәрмек жазып береді. Ал медитация біріншіден – тегін, екіншіден – пайдалы.

4. Сенімділік ұялатады. Өзіне сенбейтін, өзін бағаламайтын жандар медитация жасау арқылы өзгереді. Себебі оның көмегімен қорқыныш, абыржу, стресстен құтыласыз. Ал ол өз алдына өзіңе деген сенімділікті көбейтуге септігін тигізеді.

5. Мансап. Медитация мансап пен кәсіби деңгейге игі әсер етеді. Гугл, Дженерал милс, Таргет сияқты компанияларда медитациямен үздіксіз айналысады екен. Себебі бұл әдіс қызметкерлердің бір нәрсеге көңіл тоқтатуына және өзіне деген сенімділіктің артуына көмегін тигізеді.

Медитацияны қалай жасау керек?

1. Алдымен лайықты бір жер тауып алыңыз. Тыныш, ыңғайлы жер табыңыз. Ол жер тегіс болуы қажет.

2. Демалу. Деміңізді қадағалаңыз.

3. Шыдамды болу. Санаңыз сізді сан түрлі әдістер арқылы алаңдатуға тырысады. Яғни, егер қолыңыз не басыңыз қышыса, терең дем алып, шыдауға тырысыңыз.

Медитация бірден өз нәтижесін көрсететінін күтпеңіз. Сабырлы болыңыз. Кез келген нәрсе уақытты талап етеді.

Ф. Абилова