Дұрыс тыныс алу арқылы салмақ тастау

Дұрыс тыныс алу арқылы салмақ тастау

Деміңізді дұрыс аласыз ба, бір сәт құлақ түріңізші?!

Мики Риосьюктың ем-домы тыныс алу секілді қарапайым (тура мағынасында) болғанымен, бірақ, күніне 2 минуттық қабылдаудан аспайды. Сенімді ақтарына толық кепілдік берілген. Және жапон актері "ұзақ дем алудың" осы бір түрін салмақ тастауға арнап шығарыпты.

Бірде Мики белдің ауырғанын жеңілдету үшін дем алудың нешебір әдіс-тәсілдерін қолданып көреді. Алайда, белі одан жазылмаған, есесіне, салмақ тастаудың жаңа бір түрі дүниеге келіпті. Артынша, жапон азаматы дем алу мен тыныс шығарудың тиімді жүйесін ойлап тауып, сосын барып қана заңдастырып алуға тырысқан екен. 

Шындығында, бұл әдіс диетаға саналмайды, көбіне йогага келіңкірейді. Қысқасы, сіз бір орында жайғасып алып, мұрын қуысы арқылы 3 секунд аралығында ішке қысқа дем жұтасыз, сосын барып 7 секунд аралығында дем шығарасыз. Күніне 2-5 минут жасау арқылы, артық салмақтан құтылуға болады және қолдан келер қайранның бары осы.

Әрине, мұның бәрі бір қарағанда ойға сыймастай, қиялға алған ертегіндей көрінетіні анық. Алайда, Мики Риосьюк мұндайды ұсынып отырған бірінші адам емес. Ертеректе Джил Джонсон есімді бір азаматтың дұрыс дем алу арқылы салмақ тастау әдісін, тіпті, "Oxycise" бағдарламасын жасап шығарғандығы туралы айтылады. 

сурет: 4e4evica.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига