Анар жемісінің пайдасы

Анар жемісінің пайдасы
Фото: Sangreen

Ағзаңызды әлсіздік билесе, демек дәрумен жетіспейді. Оның жолын кейбіреулер дәрі қабылдап, ине ектіріп шешіп жатады. Алайда мұның шешу жолы - құрамында дәрумендері мол жемістер мен көкөністер, қырыққабат пен қарапайым пияз бен сарымсақ. Сонымен қатар әлсіздікпен анар шырыны жақсы күресе алады. Ендеше анар жемісінің денсаулыққа пайдалы екенін біле жүріңіз.

Әлсіздік бойыңызды билесе, ең әуелі жұмысқа деген құлшынысыңыз төмендеп, шаршау мен дел-салдық мазалайды. Есте сақтау қабілетіңіз нашарлап, ұйқысыздыққа тап боласыз. Бұл жағдайға көбінде қала тұрғындары, балалар, қариялар мен жүкті әйелдер тез шалдығады.

• Әлсіздікті болдырмау үшін немесе алдын алу үшін анар шырынын үзбей ішу ұсынылады. Себебі анар жемісінің құрамы В дәрумені мен минералды заттарға өте бай. Сонымен қатар жүрек қан-тамырларының жұмысын жақсартып, асқазанның түрлі гастритіне ем және көздің қуатын молайтып, адамның тәбетін ашады.

• Анар жемісін сұлулық үшін де пайдалансаңыз болады. Себебі бұл жемістің шырыны жанарыңызды жасартып, теріңізді тегістейді. Алайда қолдан сығып дайындалған анар шырынын 15 минут ішінде ішу керек. Ал одан ары уақытта шырын өзінің құрамындағы пайдалы заттарын жоғалтады.

• Қызылшамен ауырған балаларға анар көмектеседі. Ол үшін шырынға қайнаған су қосып, сусын ретінде жиі-жиі ішкізсе, қызылша тысқа шығып тез жазылады. Сонымен қатар сал (рахит), сіреспе ауруына шалдыққандарға да таптырмас ем.

• Іріңдеп кеткен жараны жазу үшін, анардың кепкен қабығын ұнтақтап, 1 шай қасығын 200 гр ыстық суға салып бұқтырып, іріңдеген жараны жуса, тез жазылады. Алайда анар қабығын көлеңкелі жерде кептірген дұрыс.

Анар қабығынан жасалған ұнтақтың 1 ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып, үстіне 1 шай қасық ащудас қосып араластырып, оны  геморрой мен жатырдан қан кетіп тоқтамағанда, ол науқастарға клизма, тампон жасаса, қан тоқтап, геморройдың тез жазылуына көмектеседі.

• Асқазан, ішек жараларын жазу үшін, ұнтақтың 1 ас қасығын жарты килограмм балға араластырып, күніне 3 рет 30 гр тамақтан 30 минут алдын ішу керек. Сонымен қатар анардың 1 ас қасық ұнтағына 1 ас қасық бал қосып араластырып, жазылмай жүрген жараға жағып, таңып тастаса, тез жазылады.

Н. Үсенова