Анар шырыны

Анар шырыны

Анар шырыны – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы. Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы мол. 

Ең біріншіден анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий, натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.

Анар шырынындағы дәрумендер мен микроэлементтер ағзамен жақсы қабылданады. Дәрігерлер бұл шырынды қан аздық (анемия) шалдыққандарға дауа ретінде ұсынады. Оның қандағы гемоглобин шамасын көтеру қасиеті өте жақсы. Ісік, гипертония кезінде де пайдалы, сондай-ақ іш айдататын қасиеті бар.

Анар шырыны ас қорытуға көмектеседі, құрамындағы қосылыстар іш қабынуын басып, тәбетті жақсартады, диареяға шалдыққан адамдарға көмектеседі.

Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті - ол радиация әсеріне шалдыққандарға көмектеседі. 

Анар шырыны иммунитеттің жағдайын жақсартады, нәтижесінде ағза тұмау сияқты ауруларға шалдықпайды. Жөтел кезінде тіпті анар шырынымен тамақ шаюға кеңес беріледі. 

Анардың тәтті түрлерінің шырыны ең пайдалы қасиеттерге ие екен. Анар шырынына бір қасық бал қосып ішсе де болады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: secretworlds.ru 

С. А