Анар туралы фактілер

Анар туралы фактілер
Фото: vepoqinfidal.livejournal.com

Анар жемісі құрамындағы мол дәруменімен қан көбейтуге, иммунитет нығайтуға таптырмас азық. Барлығы сүйіп жейтін жеміс жөнінде қызықты деректер легін қабыл алыңыздар.

Анар сөзі латынның granatus ұғымынан аударғанда «тұқымды» деген мағына береді.

Ежелгі Египетте халық соғыс алдында анарды қажымас қайрат беретін құрал ретінде қабылдап, оны жесе жеңілмейтініне сенген екен.

Анарды әлемде кез келген елден табуға болады. Сөйте тұра ол танымалдығы жағынан апельсин, банан, шабдалы деген секілді жемістерден кейін тұрады.

Анар шырыны киімге тамса, оның орнын кетіру мүмкін емес. Осындай жаман жағымен бірге, пайдалы тұсы да бар, құрамында С дәрумені мол.

Анар Армения символдарының бірі. Бұл символ Армения топырағы құнарлы да бай екенінен хабар береді.

Түркия қалаларында ресми логотиптердің барлығында анар бейнеленеді.

Әр жартышарда анар өсіру мезгілі әртүрлі. Солтүстік жартышарда қыркүйектен қаңтарға дейін болса, оңтүсік жартышарда наурыз айынан мамыр айына дейінгі аралықта өсіріледі. Жылдың әр мезгілінде сатылымда болып, әр кезде бағасы әртүрлі болуы да (екі есе өсуі) осы жағдайға байланысты болса керек.

Аңызға жүгінсек, алғашқы анар ағашын Кипр қаласында махаббат құдайы Афродита еккен екен.

@. @assel_assanova