Адам денесінің сырлары

Күнделікті өмір барысында біз өзіміздің денеміз бен ағзамыздағы қызықты жайттарға көңіл аудармайды екенбіз. Алайда денеміздің де сансыз сырлары бар екен.
Адам өкпесінің ауданы 100 шаршы метр шамасында.  Оң өкпеге сол өкпеге қарағанда көбірек ауа сыяды. Сіз күніне 23 000 рет дем аласыз. Бір рет жиырылғанда жүрек 200 мл қанды айдайды екен. Қанның толық айналымы: ересектерде - 20-28 секунд, балаларда - 15 секунд. Бір күнде адамның қаны 1,5-2 мың рет денеңізді айналып шығады. Жүрек-тамыр жүйесінің белсенділігі кешкі сағат 6-да ең жоғары, 3-4-те - ең төмен. Күніне адам 7-10 км (10000-14000 қадам) жасайды. Адам ағзасындағы ең мықты бұлшық ет жүрек емес, тіл екен. Жүректі ең төзімді десе болады. Адамның денесінде өсетін бар шаштың ортақ ұзындығы - 725 километр. Қол тырнақтары, аяқ тырнақтарына қарағанда 4 есе тезірек өседі. Күні бойы адам денесінің шығаратын жылуы 33 литр мұздай суды қайнатуға жетер еді. Өмір бойы бір кісі 2,5 тонна ақуыз, 1,3 тонна май, 17,5 тонна көмірсу мен 75 тонна су қабылдайды. Күніне бір қорап темекі шегетін адам, жылына жарты стақан шайыр ішкендей болады. Әйелдер ер кісілерге қарағанда 2 есе көп көз жыпылықтатады. Адамның әр саусағы өмір бойы 25 миллион рет бүгіледі екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com