Кофеден бас тартпаудың 3 себебі

Кофеден бас  тартпаудың 3 себебі
Фото: vk.com

Дәмі тіл үйіріп, адамға сергектік пен жайлылық сыйлайтын сусындардың бірі – кофе. Егер жақсылап зерттесек, кофенің пайдасы көп. Біз бұған дейін олардың бірнешеуін айтқан болатынбыз. Кофе ол біздің ағзамызға пайдалы 120-дан астам пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай өнім. Ыстық кофе ішіп, жақсы әңгіме айтып, шынайы сырласқанға не жетсін! Кофеден бас тартпаудың 3 себебін біле жүріңіздер!

1. Кофеин Орталық жүйке жүйесін көтеретін және жүректің жұмысын ынталандыратын танымал алкалоид. Кофеиннің ынталандырушы әсері ақыл-ой мен физикалық өнімділіктің жоғарылауына, шаршау мен ұйқышылдықты төмендетуге әкеледі. "Кофенің иісі ғана жай ояуны үшін жеткілікті", – дейді Оңтүстік Корея, Германия және Жапония ғалымдары. Сонымен қатар, кофеин  сезімталдықты күшейтеді. Кофені жайдан жай күшті афродизиак демесе керек. Айтпақшы, кофеин тек кофеде ғана емес, қара және жасыл шайда, шоколадта да кездеседі.

2. Кофе құрамындағы әр түрлі минералды қышқылдар асқазан сөлінің жұмысын жақсартып, ас қорыту процесін жылдамдатады. 

3. Кофе құрамындағы полифенолдар мен гистаминге қарсы заттар адам ағзасындағы еркін радикалдармен күресетін антиоксиданттар әлемдік қартаю процесін баяулатады, аллергияға қарсы тұруға көмектеседі. Айтпақшы, кофеде шайға қарағанда полифенолдар 4 есе көп болады. Сондай-ақ кофе құрамында фосфаттар, сульфаттар, кальций, магний, натрий, калий, темір, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті B1, B2, B3, B6, B12 дәрумендері бар. Мәселен, В3 дәрумені холестерин деңгейін төмендетеді. 

Ж. Жұмағұлов