Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Кофенің денсаулыққа пайдасы

Кофенің денсаулыққа пайдасы

Кофенің денсаулыққа пайдасы

Кофені көп адам сусын ретінде пайдаланатыны белгілі. Алайда оның зиянды тұстарын айтып, бас тартуға үндейтін кеңестерді көп кездестіреміз. Оның пайдалы тұстары да бар екенін біле жүріңіз. Назарларыңызға кофенің денсаулыққа пайдасы жөнінде аз-кем ақпарат ұсынамыз.

1. Қант диабеті 2 типінің алдын алады. Жаңа әрі тың ізденістермен жүріп, кофені өте жиі ішетін адамдар осы аурумен ауырмайтыны анықталды. Ал бұл сусынды аз пайдаланатындар қант диабеті дертіне бейім келеді. Мұның себептеріне тоқталатын болсақ, ең алдымен, кофе стеройдты жыныстық гормондарды байланыстырады және қант құрамындағы ақуыздың консентрациясын көтереді. Ал, екіншіден, кофе құрамындағы хинин инсулиннің жұмысын жақсартады және қандағы глюкозаны клеткаларға орналастырады. Содан энергия пайда болады. Сонымен қатар, глюкоза мөлшері төмендейді.

2. Қатерлі ісікті болдырмайды. Егер де әйел бір күнде 4 немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішсе, жатырындағы қатерлі ісік дертінің қаупі 25% төмендейді, ал егер 2-3 шыныаяқ қана пайдаланса қатері 7% төмендейді. Енді ер адамдарға тоқталатын болсақ, Гарвард университетінің зерттеу нәтижесінде бір күнде 4 шыныаяқ кофе ішсе, қуық жолындағы қатерлі ісік ауруының қаупі 60% төмендеген. Кофенің мұндай ерекшелігінің себебі, оның құрамындағы хлорагенді қышқыл қатерлі ісік тудыратын клеткаларға тікелей әсер етіп, оларды жояды. Сонымен қатар, құрамындағы бұл зат иммунды клеткаларды нығайтады. Кофе несеп айдайтын қасиетке ие болғандықтан, зәр арқылы ағзадағы барлық зиянды заттарды сыртқа шығарады. Зерттеу нәтижесінде кофе артериялық қан қысымын төмендететінін анықтаған.

3. Паркинсон ауруына оң әсер береді. Кофенің 4 шыныаяғын ішіп паркинсон дертімен ауыратын адамдар өз жағдайын жақсартқан. Кофе  бұл қауіптенетін сусын емес, тек қана мөлшермен пайдаланып, өзіңіздің қалыпты жағдайыңызды байқасаңыз болды. Кофе ішіп, денсаулығыңызды нығайтыңыз.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: www.lvivpost.net
Қосылған күні: 29 сәуір 2016, 10:06
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.